Карантин кезінде ойлы халық той тойламайды
Тойды Құдайдың қазынасына балаған қазақ халқы үшін қуанышты елмен бірге атап өту ата-дәстүріміз екені сөзсіз. Дегенмен төтеннен келіп, елдің берекесін алған коронавирус кең тараған кезде тойды уақытша тоқтату міндеті тұр. Бұған бағынбаған той иелеріне қомақты айыппұл салу жағы көзделген. Әрине біз бұған түсіністікпен қарауымыз керек. Өйткені әрбір жиын-тойдың артында адам өмірі тұр.

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін өңірлерде көпшілік шараларға тыйым салынды. Облыстың бас санитарының №17 қаулысы күшіне енді. Осыған сәйкес, тойхана мен мейрамханалар жұмысы шектеліп, тұрғындарға ереженің мәні түсіндірілді. Десе де тәртіпке бағынбай, өз ауласында той өткізіп жатқандар тұрғындар тыйылмай тұр. Бұл туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев айтты.
– Әрине, көзі ашық, көкірегі ояу тұлғалар ережені толық түсініп, елге жанашырлық тілегін айтып, тойды барынша тоқтата тұруға тоқтамсөз айтып жүр. Мұнысы құптарлық іс. Бірақ өз еркімен, өз ережесімен жүргісі келетіндер де аз емес. Аймақтағы шектеулерге қарамастан облыста 17 тұрғын өз ауласында той жасағаны тіркелді. Оның сыртында қаншама анықталмаған отырысты қосыңыз. Осыдан-ақ тұрғындар арасында коронавирустың залалы мен зардабын жіте түсіне бермейтіндер бар екенін білуге болады. Сөйте тұра, ауру асқынғанына өзіміздің жауапсыздығымыздан көре бермейміз. Осындай қиын жағдайда қалтасын қомпайтып, қаржы табуды мақсат еткен кәсіпкерлер мейманхананың есігін жаппай жүр. Осы күнге дейін 22 дәмхана иелеріне ескерту беріліп, айыппұл салынды. Мобильді топтардың жүргізген рейдтік шарасында біршама кәсіпкерлердің жымысқы әрекеті анықталды, – деді полиция бастығы.
Карантин кезіндегі құқық бұзушылықтарға қарағанда тұрғындардың жақындарына деген жанашырлық пейілінің риясыз болмауында жатқанын түсінесіз.
Дерек көздеріне қарағанда, елдің әр өңірінде полицейлер төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, нәтижесінде 1,5 миллион теңге айыппұл төлегені жайлы мәліметтер толып жүр.
«Би-Бек» мейрамханасы халық денсаулығының маңызын түсініп, жұмысын дер кезінде тоқтатып, бизнесті басқа бағытқа бұруды жөн санады. Кенттегі ірі тойхананың бірі саналатын кәсіптің кезінде тасы өрге домалап, бір ай бұрын тойға тапсырыс қабылдап, үнемі ұлан-асыр той дүрілдеп жатушы еді. Енді оның есігі тас жабылып, құлып салынған. Тойхана администраторы Ақтолқын Қарынбаевамен сөйлекенімізде, телефонын соғып, той жасауды үгіттеп жатқандар бар екенін білдік.
– Тойхананың жабық тұрғанына бірнеше ай өтсе де, менің телефоныма тынымсыз қоңырау түсуде. «Бірнеше есе артық төлеймін, залды ашып берші» деп жазатындардан көз сүрінеді. Оларға елдің амандығы маңызды екенін түсіндіремін, – деп ашық әңгіме өрбітті той ұйымдастырушы маман.
Әлеуметтік желіде байыппен қарасаңыз, көбі тойда тілек айтып тұрған суреттерін жария етіп, пандемия туралы пысқыра бермейтінін білдіруде. Көбі үй ауласында той жасап, атақты жұлдыздарды шақырып, олармен арқа-жарқа суретке түсіп әлек. «Барыңды тойға шаш» дейтін халық тойға белшеден қарызға батып, кредиттен бас ала алмай жатамыз. Мұның салдарынан, біріншіден, індеттің таралуына сеп боламыз, екіншіден, той жасау үшін қарызға батамыз, үшіншіден, вирус жұқтырған жақындарымыздан айырылып, қарғысқа қалуымыз мүмкін. Қисынға салсақ, карантин кезінде той жасау ақылға сыймайтын іс... Бірақ мұны қаперіне алмайтындар бар екені қатты қынжылтады...
Абайдың сөзімен тағылымдар болсам, «Жиырма үшінші қара сөзінде»: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар... жұбанышы: жалғыз біз бе, елдің бәрі де сөйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады-дағы деген сөзді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп» деген тәмсіліне зер салсақ, қазақтың бәр мұны мен өкініші сыйып тұрғандай». Бұған алып-қосар ой жоқ. Ойлы халықтың ұстануы тиіс істі атқара алмай отырғанымыз өкінішті...
Мақпал МАРҚАБАЙ