№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақтық шаралары қандай деңгейде жүргізіліп жатыр?

Сақтық шаралары қандай деңгейде жүргізіліп жатыр?

   Қазақстан төтенше жағдай режимінде. Ел тарихында алғаш рет жарияланған төтенше жағдай Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 16 наурыздан 15 сәуірге дейін жалғасады. Енді елде карантин енгізіліп, қоғамдық маңызы бар мекемелердегі күзет күшейтіледі, ірі сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылып, барлық сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтайды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ той-томалақ, ас-жиын өткізуге тыйым салынды. Осы бағыттағы сақтық шаралары қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын аудан әкімі Сұлтан Мақашов сала мамандарымен талқылады.


   Оған аудан прокуроры Дарын Әбіш, полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев, Жаңақорған аудандық тауар­лармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бас­­қармасы басшысының міндетін атқа­рушы Шынар Айдарова, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, аудандық ауру­хананың бас дәрігері Яхия Шора­баев, аудан әкімдігі аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов, Жаңақорған кентінің әкімі Есдәулет Сейілов қатысты.
Жауапты мамандар атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Аудан басшысы Сұлтан Мақашов сала бас­шыларының алдына бірқатар мәселені қойды. Енді жауапты басшылар қадағалау, бақылауға міндетті. Яғни сауда орындарының иелері, пайданы емес, халықты ойлау керектігі түсін­діріліп, бағаны шарықтатып жібермеуді бақылау міндет. Тіпті азық-түлік түрлері көтерме бағамен қанша тең­гемен келетінін және оның үстіне бағаны қатты қымбаттатып жібермеуді қадағалап, нарықтың ырғын ұстап тұру керек. Болмаса базар бағасы шарықтап кетсе, халыққа ауыр тиеді. Кәсіпкерлер төтенше жағдайға байланысты қолға алынған сақтық шараларына бағынбаса, онда шара көріп, елге енгізілген каран­тиннің маңызын есіне салу маңызды. Ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары Наурыз мейрамы және той-томалақ секілді жиындарды өткізбеуді бақылауы тиіс.
                                                                                  ***
Жиыннан кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеевтен қадағалау шаралары қалай жүргізіліп жатқанын білдік.
– Президенттің Жарлығына сәйкес жұмыстарды қадағалап жатыр­мыз. Ка­фе-барлар, тойханалар т.б кәсіп­кер­лік нысандар 22.00-де жабы­лып жүр, – деді полиция бастығы.
– Кафелердің бірі түнгі 24.00-ге дейін ашылып тұрады деген әңгімені естідік. Бұл қаншалықты рас?
– Төтенше жағдай енгізілгелі бері белгіленген уақытта кафелер жабылып жүр. 16 наурызда «Шеф», «Арон», «Астана» кафесіне келушілер ерте жабуға қарсылық білдіргені тіркелді. Бірақ кафелер өз уақытында жабылды. Содан бері график қатаң сақталуда.
– Жарлық бойынша ойын­ха­налар да жабылуы тиіс. Солай ма?
– Қазір Аманкелді және С.Қожанов көшесіндегі лото ойынхана түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Жар­лықта бойынша, сауда ойын-сауық орта­лықтары, кинотеатр, театр, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтайды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ той-томалақ, ас-жиын өткізуге тыйым салынды. Ал лото ойынханалардың сыйымдылығы 7-8 адам.
Аудандық прокуратураға заңды­лықтарын зерделеп беруді сұрадық. Рұқсат берілсе, заңдылыққа сай уақыт­ша жұмысын тоқтатуын қада­ғалайды.
– Егер 22.00-ден кейін ойынхана есігін жауып алып, ішінде ойын ойнап жатса ше?
– Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы бойынша шара көріп, істі сотқа жолдаймыз. Мұн­дай жағдай тіркеліп жатса, бізге хабарлауын сұраймын.
– Кеше WhatsApp арқылы тара­ған фейк ақпарат біраз адамның үрейін алды. Сол жөнінде толы­ғырақ айтып берсеңіз.
– Saya есімді WhatsApp қолданушысы өзінің статусына: «Еліміздің оңтүстік аймағында, нақтырақ айта кетсек, Жаңақорған ауданында үш адам коронавирус деп тіркелді. Осыған орай ауданда тексеріс пен сақтық шаралары жүзеге асуда» деп жазады. Мұны скриншоттаған желі қолданушылары бір-біріне таратады. Бірнеше сағатта жүздеген адамды елеңдеткен ақпарат аудан әкімдігінің қызметкерлеріне де жетеді. Нәтижесінде оны таратқан адамға қылмыстық іс ашылды. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Ресми расталмаған ақпаратты таратушы адамға Қылмыстық кодекстің 274 бабы бойынша бұқаралық ақпа­рат құралдарынан немесе теле­коммуникация желілері арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостанғынан айыру қарастырылған.
– Сырттан келген жерлестердің нақты санын білесіздер ме?
– Нақты дерек бойынша, Алматы қаласынан – 610, Нұр-Сұлтан қаласынан – 109 адам келді. Олардың көбі студенттер. Осы ретте, ата-аналардан сұрайтыным, ұл-қыздарын бақылауда ұстап, түнгі уақытта көшеге шығуына шектеу қойса. Бір-екі күн бұрын жастар топ-топ болып бөлініп, төбелесуге жиналды. Біздің полиция өкілдері дер кезінде араласып, қоғамдық тәртіптің алдын алды.
Құдай сақтасын, бірақ солар­дың ішінде коронавирусты жұқтыр­ғандармен контакты болса, қанша жерлесіне зиянын тигізеді. Ата-аналар осыны ойласа деймін.
– Италиядағы жағдайды қайта­ламайық дейсіз ғой!
– Дұрыс айтасыз. 18 наурыздағы дерекке қарағанда, індеттің ошағы саналатын Қытайда 80894 адам коро­навирусты жұқтырды. Ал Италияда вирусты жұқтырғандар саны – 35713. Бір тәулікте 4 207 италяндықтан індет белгілері анықталып, оның 475 өлді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Бұл қалай болды? Бастапқыда италиялықтар бұл жағдайдың ушы­ғатынын білген жоқ немесе оны маңызды санамады, соның салдарынан жап­пай вирус тарады. Біз осыдан сабақ алуымыз керек.

Нұрлат АЙТЖАН
21 наурыз 2020 ж. 575 0