№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен» Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев жиын өткізіп, сала қызметкерлерін құттықтады. Жиын барысында полиция бастығы бұл күн әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды екенін, әсіресе құқық қорғау саласы қызметкерлерінің мемлекеттік рәміздерге деген құрметі ерекше болу керектігін атады.
– Бұл күн қазақ халқы үшін тарихы маңызы, тағылымды мәні зор, елдік пен егемендіктің айшықтайтын мереке. Сондықтан сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді, отаншсүйгіштік қасиетті оятады. Мемлекеттік рәміздер – бұл мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен біртұтастығын бейнелейтін басты нышан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», – деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын. Сол себепті Мемлекеттік рәміздер халқымыздың тарихы мен тағдырын, ұлы мақсаттарға ұмтылысын, қияға самғар қадамын білдіреді. Құқық қорғау саласының қызметкерлері Мемлекеттік рәміздерді сақтап, қорғап, құрметтеуі міндет, – деді Ғани Тұрсекеев.
Жиынға қатысқан аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары мемлекеттің басты нышандары Қазақстан Тәуелсіздігінің берік негізі екенін атап, қоғамдық тыныштықты, біртұтастықты сақтауда құқық қорғау қызметкерлері қырағы болу қажеттілігін түсідірді. Сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қызметте абырой биігінен көрінуді тіледі.

Жаңақорған ауданының полиция бөлімі
04 маусым 2020 ж. 774 0