№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсы қартая білу де өнер

Жақсы қартая білу де өнер


Текемет басып, ұршық иіріп, жіп есіп, кілем тоқып, әулеттің байырғы берекесін сақтаған әжелер некен саяқ! Құрақ құрап, жылы көрпе көктейтін, тілдесе қалсаң мәйін сөйлейтін, қалт жіберген қателігіңді жөндейтін, әр ісі жадыңда мәңгі өлмейтін дана қарт ғасырда жалғыз туылатындай. Ел аузында «би апа» аталып, көрегендігімен көңіл қуантқан көнекөз қариялар азайып барады. Қазақ аналары қартайған шағында Абайдың әжесі Зередей зерделі болуға ұқсап бағушы еді.
Қазіргі кезде кей әжелермен амандасқанда не апа, не апке дерімді білмей қысылып қаламын. Бұрын соңды «артынан қарасаң пионер, алдынан қарасаң пенсионер» апаларды тек үлкен қалалардан көруші едік. Ал, бүгінде оларды қоғамдық орындарда күнде көріп, көз үйреніп кеткен секілді. Тіпті онша мән бермейтін халге жеттік. Жақында орталық базарда сауда жасап жүрген таяққа сүйенген әжені көзім шалды. Байқап қарасам, шашын сары түске арнайылап бояған, ерні қып-қызыл, көзін майлы қарақаламмен бедерлеген, көк түсті көзтенін анық етіп жаққан. Үстінде сары, алды ойықша келген, тар етекті көйлек тізеге келіп тұр. Қолға ұстаған таяғы бамбук ағашынан, оюлап жасатылған шебер бұйымы! Қолтыққа қысқан сөмкесі қызылғыштанып көзді тартады. Қарсы кезіккен кісі «Ой, пәлі» деп өтіп жатты.
Сайысқа түскен әжелердің көбі ерін далаптарын, аздап бет опаларын пайдаланады. Бұны бізде түсіністікпен қараймыз. Алайда, жиын-тойларда бет әлпетін тартқызған, жалған кірпік таққан, тырнақтарын миникюрлеген бірнеше аналарды көреміз. Келіндерімен жарысып орамалды тақпай жүргендері бар. Әрине ол кісілерге ақыл айтатын жаста емеспін! Десекте, жас ерекшелігіне қарай киіне білу инабаттылыққа жатады емес пе?
Кеше екі кейуананың шүйіркелесіп отырғанын көрдім. «Қызым Мерикей өнімдерін сатумен айналысады. Жарнама журналынан соңғы үлгідегі косметикалық жиынтықты тапсырыспен алдырдым» деп сөмкесінен бояғыш заттарын көрсетті. Екіншісі де қалыс қалар емес. «Ой, құрғырай, сатып алып несіне әуре боласың! Сұлулық салонына аптасына бір рет барсаң жасарып шыға келесің» деп қояды.
Әйелдер 40-50 жас аралығында қартайып, бет-жүзіме әжім түсетін болды деп псикологиялық күйзеліске түсетіні белгілі. Осы күйзелісті жеңе алмасବ- жасанды сұлулыққа құмартады.
Бүгінде «би апа» мен «дәу апаның» орнын «Каляни Деви» басқаны шындық. Үнділер сықылды боянып, сәнқой болып кеткеніміз де осының салдары. Қазаққа жат қылыққа барып, келін-кепшікке килігіп, қариялық құрметтен қағылып жатқан апа-әжелер жайында сіз не дейсіз?
12 қаңтар 2018 ж. 1 677 0