№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кодекске енгізілген жаңашылдықтар талқыланды

Кодекске енгізілген жаңашылдықтар талқыланды

        Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  талқылау мақсатында онлайн режимінде дөңгелек үстел шарасы  өтті.
Шараға   аудандық сотсудьялары, кеңсе меңгерушісі, прокуратура, адвокатура өкілдері, жеке сот орындаушысы мен жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар «True Conf» мобилдьді қосымшасы және «Whats App» желісі арқылы  қатысты.
         Сот төрағасы Ә.Түбекбаева Президент Қ.Тоқаевтың«Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық процестік Кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырудар енгізу туралы Заңына қол қойғанын атап өтіп, қатысушыларды заңнамаға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.
         Атап айтқанда, судьяның істі қарау барысындағы белсенділігі, қажет болған жағдайда дәлелдемелерді өз бастамасымен алдыртуы, дауларды соттан тыс шешуге басымдық берілуі,  жекелеген мәселелерді тараптарды шақырмай-ақ қарау, процестік мерзімдерді ұзарту, қалпына келтіру, электронды хаттама жайлы талаптарға тоқталды.
         Соттылық ережелеріне қатысты өзгерістерді,  артық сот рәсімдері мен шығындарының азайғанын тілге тиек етті. 
         Дөңгелек үстелге қатысушылар Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылап, аталған жаңашылдықтардыңсоттардың жұмысын оңтайландыру, жүктемесін азайту, іске қатысушылардың  іс жүргізу шығындарын азайтып, уақытының үнемделетінін,электронды сот процесін енгізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. 
                                      Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

18 маусым 2020 ж. 610 0