№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 17 қаңтар 2020 жылы Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында «Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс-шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, Жаңақорған аудан прокуроры Д.Е.Әбіш, аудандық сот судьялары И.Ө.Тұңғышбаев, Э.Рысқұлов, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасарлары Е.Жақсыбеков, Р.Сұлтанқұлов және полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.
Сот төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға, сондай-ақ  заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін  қолданылатын жазалардың күшейтілгенін атап өтті
Қазіргі қоғамда кеңінен белең алған мал ұрлығы  үшін Қылмыстық Кодекске арнайы бап енгізіліп, белгіленетін жаза түрінің қатаңдатылғанына тоқталды.
Сондай-ақ аудан прокуроры Д.Әбіш Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларды атап өтіп, жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша жазаның қатаңдағанын, яғни бұл санаттағы істер бойынша құқық бұзушылар бұрын тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылса, қазіргі енгізілген өзгерістерге сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленгенін  атап өтті.
Судья Э.Рысқұлов Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне 2019 жылдың 5 қаңтарынан енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндама жасады. Өз баяндамасында судья ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып соғу әрекеттері бойынша жаза жеңілдетілсе, ал жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша жазаның қатаңдағанын, аталған санаттағы істер бойынша жаңа өзгерістерді ескеріп, хаттамаларды толтыру тәртібін сақтау керек екенін айтып өтті.
Жиынға қатысушылар Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен талқылап, туындаған сұрақтарды ортаға салды.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 қаңтар 2020 ж. 862 0