Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 007

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 040

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 852

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 354

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 562

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 554

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер талқыланды

Сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша дөңгелек стол өтті. Іс-шараға жекеше нотариустар, адвокат, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТрансГАз» АҚ өкілдері, заңгерлер және  жеке сот орындаушылары қатысты.
Аталған Заң 2019 жылғы 21 қаңтарда қабылданып, ол ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Заңмен соттардың жүктемелері азайтылған. Бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын дауларды бұйрық шығару арқылы  қаралатын санатқа беру  және  т. б.. Енгізілген өзгерістер соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік береді.  
Іс-шара барысында аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева атап өткендей, сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында Заңда сот орындаушыларының іс - әрекеттеріне 18 санкциядан тек 2 ғана  соттыңқарауына қалдырылған. Олар борышкерді еріксіз келтіруді және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салуды соттың санкциялауы.  Борышкердің мүлкіне тыйым салуға санкция беру алып тасталады. Банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап етуді  және т.б санкциялау прокурорға беріледі.
Төраға міндетін атқарушы бұйрықтық іс жүргізу талаптарының жартысын нотариатқа беру, яғни атқарушылық жазба мәселелеріне ерекше назар аударды. 
Дөңгелек столға қатысушылар Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға  кеңінентоқталып, өзара пікір алмасты.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
31 қаңтар 2019 ж. 998 0