№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржыландыру және шағын несиелендіру мәселері бойынша заңдарға енгізілген өзгерістер талқыланды

Қаржыландыру және шағын несиелендіру мәселері бойынша заңдарға енгізілген өзгерістер талқыланды


Жаңақорған аудандық сотында 11 ақпан 2020 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республиканың кейбір заңнамалық актілеріне қаржыландыру және шағын несиелендіру мәселері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық соттың  судьялары,  жеке нотариустар,  заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары, «Арнұр Кредит» МҚҰ ЖШС-нің, «КМФ» МҚҰ ЖШС-нің Жаңақорған ауданы бойынша  өкілдері және  кәсіпқой медиаторлар қатысты.
Сот төрағасы Ә.Түбекбаева 2019 жылғы 03 шілдеде қабылданған "Қазақстан Республиканың кейбір заңнамалық актілеріне қаржыландыру және шағын несиелендіру мәселері бойынша өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жүргізіп, заңда көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгенін атап өтті.
Заңның заем беру бойынша қызметті жүзеге асыруды реттейтінін, қаржы нарқының ашықтығын және тұтынушы Қазақстан  азаматтарының құқығын қорғауды күшейту мақсатында қолданысқа енгізілгенін баяндады. Оның ішінде аталған Заңмен онлайн-несиелендіру компанияларының, несие серіктестіктерінің және ломбардтардың қызметі қолданыстағы шағын несие ұйымдарының қызметі тектес реттелуін енгізгеніне тоқталды.
 Сонымен қатар дау туындамайтын талаптар бойынша нотариаттық заң талабына сай нотариустер атқарушылық  жазбалар негізінде қарау керектігін, ал жауапкерлер, борышкерлер атқарушылық жазбамен келіспеген жағдайда  жазбаны бұзуға, сонан соң ғана сотқа жүгінуге болатынын баяндады.
Онлайн несиелендіру мен шағын несиелер беру жөніндегі микроқаржылық ұйымдардың заңды тұлға ретінде   тіркелуі керектігін, яғни мемлекеттік тіркеуден өтіп, өздерінің қызметтерін заңға сәйкестендіру қажет екеніне тоқталып,  түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған заңға қатысты туындайтын сұрақтарды  талқылап,  олар бойынша түсіндірмелер берілді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
13 ақпан 2020 ж. 627 0