Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді


Жаңақорған аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен 14 қаңтар 2020 жылы Жаңақорған кентіндегі М.Көкенов атындағы Мәдениет үйінде аудан көлеміндегі құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және аудан тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік күні » шарасы өткізілді.
Шараға Жаңақорған аудан әкімі С. Мақашов, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева, Жаңақорған аудан прокуроры Д.Әбіш, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Тұрсекеев, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының брінші орынбасары М.Балқожаев қатысты.
Шараның мақсаты-аудан көлеміндегі құқық бұзушылық профилактикасы бойынша 2019 жылы құқық қорғау және құзырлы органдарымен атқарылған жұмыстарды талқылап, іс-шараларды белгілеу, аудан тұрғындарының қойған сауалдары бойынша жеке қабылдаулар жүргізіп, өтініштерді қабылдау.
Шара барысында құқық бұзушылық профилактикасын оңтайландыру бағытында атқарылатын жұмыстардың алғы шарттары қозғалып, құқық қорғау органдарының басшылары баяндама жасады.
Сондай-ақ аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева 2020 жылдың қаңтарынан бастап Заңдарға, Кодекстерге енгізілген өзгерістер бойынша құқықтық насихат жұмысын жүргізу мақсатында 2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.
Сот төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға, сондай-ақ заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін қолданылатын жазалардың күшейтілгенін атап өтті
Қазіргі қоғамда кеңінен белең алған мал ұрлығы үшін Қылмыстық Кодекске арнайы бап енгізіліп, белгіленетін жаза түрінің қатаңдатылғанына тоқталды.
Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларды атап өтіп, жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша жазаның қатаңдағанын, яғни бұл санаттағы істер бойынша құқық бұзушылар бұрын тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылса, қазіргі енгізілген өзгерістерге сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленгенін атап өтті.
Жиынға қатысушылар Заңдарға енгізілген өзгерістер бойынша өз пікірлерін білдіріп, оң нәтижесін көрсететініне сенімді екендерін білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қаңтар 2020 ж. 1 080 0