Сөзге тоқтаған ел едік
Қазақ халқы ұлт болып ұйысып, елдіктің туын тіктеген ерте заманда-ақ сөз қадірін түсініп, ел бірлігін биік ұстады. Бітімгершілік, татулық пен тұрақтылықты ту етіп, әсіресе сөзге тоқтау ерекше мән берді. Уақыт өте кле асыл қасиеттерден алыстап барамыз. Қыз қылығымен, жігіт жігері, ар-намысымен бағаланатын қоғамның бүгінгі бейнесі тым ұсақталып барады. Бұрындары үлкеннің уәжіне тоқтап, айтылған сөздің қадірін білген халқымыз «Бітімге келмегеннен береке сұрама» дегенді бекер айтпады. Ал бүгін екінің бірі ақылшы, екінің бірі дауқор, арызқой. Бұл – қоғамды тығырыққа тіреп, тынысын тарылтатын құбылыс.
Төбелі елге төрелігін айтып, елге сөзін өткізіп, туралығын түйіндей білген билер мен ақсақалдар дала заңына арқа сүйеді. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» аталы сөзіне тоқтатып, бітімге келтіре білді. Әрі дауласушы тарап та билер кесімі мен шешіміне тоқтап, төрелігін тыңдады. Ал қазір сотқа жүгінетіндердің саны жыл сайын арта түсті. Әсіресе отбасы мәселесі ушығып тұр, жастардың ажырасуы тым көбейді. Одан бөлек бопсалау, жеке бас құқығын таптау сынды ұсақ-түйек мәселені даулап келетіндердің қатары да жиіледі. Алаяқтық фактілері де көбейіп барады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялардың VI съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне басты назар аударып, дауды соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік пен медиация рәсімдерін кеңінен енгізуді тапсырды. Қазіргі таңда бұл тапсырма кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты шешімін тапқанына қуанамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, «Сот жүйесінің жеті түйінін» айқындап берді. Солардың бірі – «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы.
Бұл жоба – даулы мәселені ой елегінен өткізіп, уақыт пен қаражатты жоғалтпай, өзара келісімге келу арқылы шешуге, сондай-ақ, дауларды сотқа дейін реттеу, сот талқылауына және онымен байланысты уақыт пен сот шығындарына ұшырамауға мол мүмкіндік береді. Осы жобаның аясында қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту халыққа түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Әрине, мұндай игі қадамды жүзеге асыруда соттар тарапынан ауқымды шаралар жүзеге асты. Бұл тұрғыда біздің өңірімізде атқарылған жұмыстар нәтижесінде екі жақ та келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттар біртіндеп босатылды.
Бір сәт тарихқа зер салсақ, бірде іргелес отырған Жанту пен Жантас ауылының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Үлкендердің ақыл-кеңесіне де мойынсұнбайды. Жалған намысқа мініп, бір-бірін кешіруді арсынады. Осыны естіген Төле би араздасқан жігіттерді шақыртады. Бидің үйіне жігіттер аттарын қазыққа байлап, үйге енеді. Тізе бүгіп, амандық-саулық сұрасады. Алашқа төрелігімен танылған би екі жақтың уәжін тыңдайды. Ойы озық би азаматтардың бір-бірін кешкісін келмейтінін аңғарады. Бірнеше сағатқа созылған пікір-таластан кейін тысқа шығады. Бидің көзі қазыққа байланған жылқыларға түседі.
– Япырм-ай, мына екеуінің татуын қарашы! Кекілдері де келісті екен, – дейді Төле қасынып тұрған аттарды көріп. Астарлы сөзден тәлім алған қос азамат татуласты деседі. Жалпы, мұндай оқиғалар тым көп. Тіптен, ауыл мен ауыл араздасқанда от ауызды, орақ тілді билек тоқтау айтып, ағайындарды бітістіріп отырғаны тарихтан мәлім.
Мұны неге айтып отырмыз? Себебі, қазір арға емес, заңға жүгінетіндер көбейді. Қит етсе, ағайын арасындағы араздастықты сот алаңына шығарып, абыройға нұқсан келтіріп жатқандар жоқ емес. Қазақтың сөзге тоқтап, үлкенге ұйысып, өкпе-назды елдіктің жолында ысырып қоятын асыл қасиеті қайда кетті? «Қыл өтпестей татулықты, бір ашуға сатпас болар» демекші, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қасиетті өңірімізде орынсыз даулар көбеймей, ел ішінде татулық болғанға не жетсін?! Рухани жаңғырудың өзі осындай қанда бар қасиеттерді кәдеге жаратуға үндейтіндей.
Қуанарлығы, халық арасында жақсы істі, оң бастаманы қолдайтындар аз емес. Осы себепті, ел тұрғындарының сана-сезімін кешірімді болуға бұрып, орын алып отырған даулардың деңгейін төмендетіп, келіспеушіліктерді татуласу арқылы шешуге бағытталған барлық шараны іске асыру, жалпы азаматтық міндет болуы тиіс. Бұл – бүгінгі қоғамның басты талаптарының бірі. Әсіресе жас отаудың түтінін түзу шығару үшін қолғанат болғанымыз дұрыс. Әйтпесе әке тәрбиесін, ана мейірімін көрмей өскен баланың көбі жалтақ өседі. «Бір әкенің тәрбиенің жүз мектеп те бере алмайды» демекші, болашағымызға балта шаппайық, ағайын!
Эльдар РЫСКУЛОВ,
Жаңақорған аудандық
сотының судьясы