№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИЛЕР КЕҢЕСІ – БІТІМГЕРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

БИЛЕР КЕҢЕСІ – БІТІМГЕРЛІККЕ БАСТАЙДЫ

   Қазақ сөз құдыретін ежелден бағалаған халық. Оған бидiң басты қаруы – сөз екендігі, ал, сөзге тоқтамау – ең ауыр қылмыс саналғаны дәлел. Бұл қазақ халқының басты артықшылығы екені анық. Себебі, қазақ билері бейбіт шешім, бітімгерлік рәсімін өткір тіл, әділ сөз құдыретімен тоқтатқан. Құн, жер, жесір дауы, барымта, қарымта даулары да шешен сөз, ұтқыр ой, парасатты пайыммен бейбіт түрде шешілген. Ханға да, қараға да бұра тартпай, шағымданушыларды би кесіміне бас идіре білген.

...Бірде Төле би шідер ұрлап қолға түскен бір ұрыға ұрланған шідердің үш тармағын үш аттың аяғына салдырып «енді осы үш атты үш жаққа ұрып айда, егер аттар шідерді үзіп босанып кетсе, айыптан азатсың, ал шідер үзілмесе, үшеуін біріктіріп ұстаса, ер ердің қызметін атқарғаны. Онда бір тармағы үшін бір бесті айып төлейсің» деген үкім айтады. Ұры бірден келісті, әрекет жасап көрді.
Əрине, мықты қайыстан жұмыр­лап өрілген шідерді аттар үзіп кете алмайды, ұры бір шідер үшін үш ат төлеп құтылады. Төленің бұл билігін қазақтар да, кейін қазақтың əдет заңын зерттеген орыс оқымыстылары да «даналық шешім» деп бағалайды.
Мұндай тарихи оқиғалар тым көп. Ал, қазір бұл дәстүрден алыстап барамыз. Себебі, бүгінде екінің бірі сотқа жүгінуге құмартып тұрады. Әсіресе отбасы дауы өршіп тұр. Осыған орай, жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңақорған аудандық сотының және аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Медиация неме­се дауды баламалы шешудің артық­шылығы» тақырыбында жиын өтті.
Ондағы мақсат – бүгінгінің би­ле­рі медиаторлардың қызметін қалыптастыра отырып, билер кеңесін құру болатын. Сол арқылы бітімгерлік қағидатын қайта қалпына келтіру. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков ашып, билер кеңесін құрудың маңызына тоқталды. Одан соң аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева сөз басын медиация арқылы шешімін тапқан жұмыстармен бастады.
  – 2017 жылы сотқа келіп түскен істердің алты проценттен астамы ғана медиация арқылы шешімін тапты. Ал, 2018 жылы сотта қаралған 1501 істің 7,6 проценті ғана өзара бітімгерлікпен шешілді. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, аудан әкімімен бірлесе жұмыс жасауға кірістік. Яғни, кент, ауылдық округтен аузы дуалы, көпке сөзі өтімді ақсақалдарды алқа биі етіп сайлап,ел ішіндегі дауларды сотқа жеткізбей шешудің жолын табу басты мақсатымыз, – деді сот төрағаның міндетін ақтарушы.
Иә, ел ішінде болып жатқан дау-дамай, жанжалдарды реттеп, солар­ды бітімгершілікке баулитын аға буын ардагерлер жоқ емес. Ауыл-ауылды болмаса да, өз ауылын сөзге тоқтата алатын қариялар да бар емес пе?
Сондықтан, жиын соңында әкім­дік тарапынан билер кеңесінің тыңғылықты, әрі жоспарлы түрде қалың жұртшылық арасында жұ­мыс істеуі жөнінде пікірлері мен ұсыныстарын айтуды ұсынды. Қатысу­шылар болса бірауыздан билер кеңесін құруды қолдап, оған мүмкіндігінше атсалысатындарын жеткізді.
  – Шыны керек, қазір медиаторға жүгінетіндердің арасында жастар да жиі кездеседі. Әсіресе, отбасы жағдайына байланысты жас шаңы­рақтың бітімгерлікке келе алмауы бізді де алаңдатады. Сондай-ақ, алаяқтық, қарыз алушылардың дауы да тым көбейді. Біз мүмкіндігінше қолдан келгенін жасаудамыз, – деді кәсіби медиатор Ақылбек Жәнібеков.

Әли ТЕМІРБЕК.
12 наурыз 2019 ж. 2 113 0