№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жыл сайын Сырдария өзеніне суға кету дерегі көп тіркеледі

Жыл сайын Сырдария өзеніне суға кету дерегі көп тіркеледі

  2018 жылы 22 тұрғын суға шомылу кезінде қаза тапса, былтыр олардың қатары 26-ға көбейді. Оның 10-ы мектеп жасындағы оқушы. Ал Жаңақорғанда сегіз жағдай анықталды, оның бесеуі жасөспірім, екеуі әлі іздестірілуде. Сондықтан мамыражай мамыр айы басталғалы төтенше жағдай қызметкерлері үнемі рейдке шығып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Біз де рейдке шығып, кенттегі жағдайды көзбен көріп қайттық.

Шыны керек, балалардың суға кеткені жайлы қаралы хабарды ести бермеуші едік. Бәріміз де бала болдық, дарияға бармасақ та көлдер мен каналдарды жағалап, суға түстік. Қазір бәрі керісінше, қысым көбейген сайын балалардың өлім-жітімі де жиілей түсті. Рейдке шығып, ата-аналар мен балаларға түсіндірме жұмысы жүргізілсе де құлақ асып жатқан халықты көрмейсің.
– Біздің тараптан жасалынып жатқан түсіндірме жұмыстарын ата-аналар елемейді де. Түсінеміз, бала болған соң аптап ыстықта көлге бір шомылып шыққанда тұрған не бар. Бірақ тіркелген дерек жиілеп барады. Жыл басынан бері облыс көлемінде 10 адам суға кетсе, соның біреуі біздің ауданнан. Жыл соңына дейін басқа дерек тіркелмей, ел аман болса дейміз, – деді төтенше жағдай бөлімінің инженері Өскен Мүбарак.
Сонымен түс ауа Борықты көлінің Қорғантоғай көшесінен жалғасатын бөлігінен рейд жұмысын бастадық. Топ құрамында, төтенше жағдай бөлімінің инженері Өскен Мүбарак, қарауыл бастығы Нұрсұлтан Нысанбаев, өрт сөндіруші Ғалымжан Искаков, сондай-ақ аудандық «Жастар ресурстық орта­лығының» қызметкерлері бар. Біздің байқағанымыз, каналдың терең­дігіне балалар мүлде бойламайды. Айналдырған екі сағаттың ішінде 20-ға жуық жасөспірім ұсталды, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Үлкені сегізінші сынып бітірсе, кішісі бастауышта оқиды.
– Айыппұл салу біздің құзырымызда емес. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың ата-аналарына әкім­шілік іс бойынша шара көрілетін болады. Бізді бір қынжылтатын сана мәдениетінің төмендігі, біз қойған тақтайшалар мен билбордтарды тұрғындар жыртып, сындырып тастайды. Дария суында қаза тапқандардың көбі ішімдік ішіп, шомылатындар. Бір жағынан таби­ғатты ластап, шыны бутылкалар мен қағаз, пакеттер дария жағасында шашылып жатыр. Сондықтан сәл болса да туған өлкені сыйлау деген ұғымды қалыптастырсақ, – деді инженер.
Алтынсарин жағында орналасқан кішкентай каналға түсетін балалардың да қатары аз емес. Үш жеткіншек біздің келетінімізді сезді ма көпір астына тығылып суға түсуде. Барлығы үйіне қайтарылды. Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға жайлы көңіл-күй сыйлайды. Оны түсінеміз, бірақ жасөспірімдердің суға шомыла білмеуі, үлкендердің суда қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналуда.
Осындай келеңсіз оқиғаларды бол­дырмау үшін, рұқсат етілмеген су айдындарына жақындай бермеген жөн. Өзен-көлдерде, тоғандарда инфек­ция­лық аурулардың қоздырғыштары – іш-сүзегі, дизентерия, оба, туляремия, бруцеллез сынды аурудың бактериялары өмір сүреді дейді сала мамандары.
– Күнделікті ауа-райы жөніндегі хабарларды 112 жиі-жиі келеді. Әсіресе Қызылорданың желі туралы келетін смс-те есеп жоқ. Ал жаз басталса болды Сыр өңірінің аптап ыстығы туралы келетін хаттан көз ашпай қаламыз. Мұндайда жастар жағы суға шомылмағанда қайтсін. Бірақ соңғы жылдар суға кету жиіледі. Кешқұрым ересек кісілер канал бойына жиі келіп, ішімдік ішеді. Одан қала суға шомылады, оны көрген бала не істемейді. Оларға айыппұл салмай тыйылмайды. Өздеріне емес, келешек буынға зияны тиетінін олар білсе, ұғынса деген ниет қой бізде, – деді Әбділда қария.
Ақсақал сөзінің жаны бар, жастарға зияны тимесін. Ал мынадай ыстықта үйге тығылған ағайынға демалыс орны ауадай қажет-ақ. Яғни Жаңақорған кенті аумағында Сырдария өзенінің жағасында суға түсетін жағажай ашуға болады. Егер адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағажай ашылса, оған баратын адамдар да көп...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
06 маусым 2020 ж. 319 0