№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Суда сақ болыңыздар!

Суда сақ болыңыздар!



Жұма күнгі газетте «Суға кетуден сақтанудың жолы қандай?» атты мақаласын дайындап жатқанымызда «адам суға кетті» деген қаралы хабар келді. Содан не керек, аудандық сала басшылары бастаған жедел топпен арнайы рейдке аттандық.


Қызылорда облысы Төтенше жағдай департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің №14 өрт сөндіру бөлімінің командирі Марат Жұбаниязов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының аудан бойынша өкілі Фирдоуси Атақожаев, Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Нұрхан Айдаров, «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының аудандық штаб жетекшісі Әлішер Ерлан және ауданның азаматтық қорғау қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған ақпараттық-насихаттық топ адамдар көп суға түсетін жерлерге барды. Негізгі мақсат – суға шомылып жүрген тұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, қауіптің алдын алу.
Алдымен Тайпақкөлге бардық. Каналдың жағасында тұрып, төмен қарай жарыса секіріп жатқан жастар көзге түсті. Көпшілігіміз 40 градус ыстықта балықша жүзген жасөспірімдерге қызыға қарап тұрмыз. Полиция қызметкерлері Марат Жұбаниязов шомылып жүргендерді түгел жинап:
– Суға түсу маусымы басталғалы облыс көлемінде 18 адам суға кетті. Оның алтауы жасөспірім. Аудан көлемінде 4 адам суда көз жұмды. Оның біреуі жасөспірім. Мынау судың астында шұбатылған балдырлар бар. Кейбір тұсында ұйық та кездеседі. Мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан сақтық шараларын бірінші орынға қою қажет, – деді.


Осы сәтте, өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы судағы қауіпсіздік ержесі мен өрттің алдын алу туралы үнпарақтарды таратты. Алайда ең кішісі 5 жасар, үлкені 20 жастағы суға шомылушылар үнпараққа мән бермей «бірінші рет түсіп тұрған жоқпыз, жылда осы маңда шомыламыз» дегендей сынай танытты.
Осы кезде жастармен жұмыс жасауға маманданған Нұрхан Айдаров:
– Әрине, сіздерді түсінем. Мұндай ыстықта тәнті салқындатудың бір жолы – суға түсу. Алайда қанша шебер жүзгендерімен су тілсіз жаудың бірі. Оқыс қозғалып опат болуға болады. Біз суға түсуге шектеу қоймаймыз, тек үлкендердің бақылауында болғандарыңыз дұрыс, – деп мән-жайды түсіндірді.
Өрт сөндіру бөліміндегі Шыңғыс Жәдіков «Суға түсуге болмайды» деген белгіні орнатты. Ол бүгінге дейін дәл осы маңға 10 рет тақтайша ілінсе де, біреуі қалмағанын айтты. Қайтқысы келмесе де, қатаң талаппен жасөспірімдерді түгел қайтарылды.
Одан кейін Алтынсарин көшесінің бойындағы каналды бетке алдық. Оң және сол жақ бетке бөлінген каналда ерлермен бірге нәзікжандылар да шомылып жүр. Үш көліктің бір мезетте тоқтап, көліктен түскен қызметкерлерден секем алған шомылушылар алды-артына қарамастан, көліктеріне мініп, кете бастады. Енді, басқа жаққа барып шомыламыз деген кейіпте.
Ендігі бағыт – Сырдария өзенінің бойындағы ескі пантонның тұсы. Жол ұзарсын деп Әлішер әңгімесін бастады.
– Ата-әжем дарияның астында терең ұйықтар болатынын үнемі айтатын. Ағыстың екпіні қатты соққанда, ұйық төмен қарай тартып әкетеді екен. Негізі, арықтың өзі адамға қауіпті. Осы дария елдің тіршілігін дөңгелетіп отырғанымен, жылда адам жұтатын құпиясы бар, – деді.


Оның сөзін жалғаған Нұрсұлтан:
– Соны адамдар түсінбейді. Біз халық үшін қызмет етіп, түсіндірме жасап жүрсек, жаға ұстай жөнелетіндері де көп. Әсіресе дарияның басында ішімдік ішіп алып отыратындармен ортақ мәмілеге келу қиын, – деді.
Осылай жалғасқан әңгімеден соң, межелі жерге де жеттік. Көлікті аша бере, әр жерде тоқырлаған ішімдіктің бөтелкесіне көз түсті. Дария суы болса едәуір көтерілген. Кенет, екі көлік толы адам келді. Бірі бізді көре сала, артқа бұрылды. Енді бірі көлік тола бала-шағасын түсіріп жатты.
– Ағасы мұнда суға түспегендеріңіз абзал. Кеше ғана бір азамат суға кетті. Дәл осы маңнан қаншама тағдыр қыршыннан қиылды. Су болса терең. Апат айтып келмейді, – дедіполицейлер.
Егер мұнда түсуге рұқсат етпесеңіздер арғы бетке  барып түсеміз деді.
Қысқасы, түс ауа шыққан рейд нәтижесінде тұрғындардың қарсылығына куә болдық. Ыстық күнде дария жағалаған мамандардың еңбегін түсінгендейміз.
P.S.: Рейд барысында топ мүшелері дариядан қанша адамды қуғанымен айналып басқа жеріне баратынын жасырмады, тығырықтан шығатын бір жол – аудан орталығында бассейн ашылса немесе арнайы суға түсу аймағы белгіленсе суға кету азаятынын жеткізді.
                                                                                                         Ханзада ДОШАН
16 шілде 2019 ж. 939 0