» » Сүйегі асыл сарбаз

Сүйегі асыл сарбаз

Найманбай Құрбанов аудандағы Ұлы Отан соғысының отты жылдарының жалғыз куәгері. Ақүйік ауылдық округінде тұратын ардагерге өткен жылы арнайы барып, сәлем беріп қайтқан едік. Жеңіс күніне қарсы бару ойда бар. Бірақ карантин талаптарына бағыну міндет емес пе?!
1942 жылы Сталинград түбіндегі қан майданда ауыр жараланып, құжаттарын жоғалтып алады. Госпитальде  Найманбайға тілі келмеген хатшы әскери билетін Николай Курбанов деп толтырып жібереді. Жазылып шыққан соң, 223 атты әскер полкының құрамында Венгрияны, Будапешт қаласын жау қолынан азат етті.  Жеңісті Карпатта қарсы алды. «За Отвагу», «За победу над Германией» медалдерінің иегері атанды.
1947 жылы ауылға оралып, 30 жылдай мал шаруышылығына араласты. Әр саулықтан 160-тан кем алған жылы жоқ. «Өз есебімше, Бірлік ауылының дәулетіне он жылда 5200 бас қойды қосқан екенмін. 40 жылда 20800 бас. Әр қойды қазіргі орташа 20 мың теңгемен есептегеннің өзінде шаруашылыққа 416 миллион теңге пайда түсірген екенмін» дейді ақсақал.
Шындығында ғажайып көрсеткіш! Соғыстағы қаһармандығымен, қой өсірудегі қажыр-қайратымен атақ даңққа бөленгенімен өмір бойы өзегіндегі намысына шоқ болып түскен әскери билетіндегі «ақ таңдақ» Николайды Қазақстан Тәуелсіздік алған соң ғана азан шақырып қойған Найманбай атына аударып, рухы асқақтайды.
Бізбен бірге ауыл әкімі Әскербек Мұсаев барды. Қонақтарды өзі күтіп алып, төрін ұсынды. Ақсақалдың кескін-келбеті мен болмыс-бітімінен батырлықтың нышанын аңғарасыз. Салмақты, сабырлы. Әрбір сөзін таразыға тартқандай ой елегінен өткізіп саптайды. Өмір мен өлімнің арасында арпалыса жүріп жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерге қояр сұрақ көп. Әсіресе соғыс кездегі естеліктерін білуге ынтызармыз. Бірақ қарт сарбаз тақырыбынқозғауға пейілді емес.
–  Қалыңыз  қалайақсақал?  –  дедік үстел үстінде ардагерге көз тастап.
–  Жақсымын,  қошкелдіңдер қарақтарым! Қайдан келе жатырсыңдар? –  дедіжылы  шырай  танытқаншаңырақ иесі.
– Аудан орталығынан келе жатырмыз. «Жаңақорған тынысы» газетінің өкіліміз.
–  Түсіндім,  қалқам.Жазарың  көп болсын! Елге адал қызмет ет, балам!
–  Мақсат–  өзіңіздің  амандық-саулығыңызды  біліп,кезекті  мақалаға кейіпкер ету.
– Дұрыс. Назарым сіздерде...
–  Соғысжайлы  аз-кем  сөзтарқатуға қалай қарайсыз?
–  Балам-ай,соғыс  ауыр  тақырып. Отанқорғауға  аттанған  қаншама сарбаздар өлім құшты, із-түссіз жоғалып кетті.  Қаншама  шаңырақортаға  түсті. Қаншама  адамтауқымет  кешті.  Оданда бейбіт  өмірдің  салтанатынсөз  етейік,  – деп әңгіменің бағытын бұрып:
–  Соғыстан  кейінгіқиын-қыстау кезеңде  саналы  ғұмырымдымал шаруашылығына  арнадым.  Ертелі-кеш тынбай  малбасы  санының  артуына еңбектендім.  Бұлбағытта  ауданның қазіргі  беталысы  көңіл  қуантарлық. Соңғы  жылдарымал  шаруашылығы саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жеткені  үшін  Жаңақорғанауданы облыстың  озат  ауданыатанып  жүр. Әрине  бұғанқуанамын,  мақтан  етемін. Еңбектің  құнынтүсіне  білу  маңызды. Бастысы осы, – деп ойға шомылды.
Үнсіздікті бұзып:
–  Біздің  Тәңірдентілеріміз  енді  елде соғысболмасын,  өскелең  ұрпақтың бейбіт  күндекүн  кешіп,  өркендеудің жолын жаңылмай тапса деген тілеу ғой! – деген Найманбай қария ақ батасын берді.
Соғыстың отын көріп, оның салдарын жүрекпентаразылайтын  ақсақал  үшін соғыстақырыбы  тым  ауыр.Өйткені майдан  даласында  достарықалды. Қасындағы  жолдасы  оққаұшты.  Мұның бәрін  ескеалу  жүрекке  салмақсалары хақ.Бүгінде  сегіз  ұлдан30  немере,  34 шөбересүйіп  отыр.  Қосмайданның батыры  Найманбай  ҚұрбановқаЖеңіс мерекесі  қарсаңында  «Жеңістенжеңіске жете  беріңіз,  жүзгежетіңіз»  деген алғауыз тілек тілеп қайтқан едік...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

06 мамыр 2020 ж. 806 0