№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сталинградта сыналған сарбаз

Сталинградта сыналған сарбаз


ҰОС және еңбек ардагері Найманбай Құрбанов аудандағы көзі тірі төрт ардагердің бірі әрі бірегейі. 1942 жылы Сталинград түбіндегі қан майданда ауыр жараланып, құжаттарын жоғалтып алады. Госпитальде Найманбайға тілі келмеген хатшы әскери билетін Николай Курбанов деп толтырып жібереді. Жазылып шыққан соң, 223 атты әскер полкының құрамында Венгрияны, Будапешт қаласын жау қолынан азат етті. Жеңісті Карпатта қарсы алды. «За Отвагу», «За победу над Германией» медалдерінің иегері атанды.


Соғыстан кейін Бірлік ауылында қырық жылға жуық қаракөл қойын бақты. Әр саулықтан 160-тан кем алған жылы жоқ. «Өз есебімше, Бірлік ауылының дәулетіне он жылда 5200 бас қойды қосқан екенмін. 40 жылда 20800 бас. Әр қойды қазіргі орташа 20 мың теңгемен есептегеннің өзінде шаруашылыққа 416 миллион теңге пайда түсірген екенмін. Соның өтемақысы қайда?-деп әзілдейді ҰОС және еңбек ардагері. Шындығында ғажайып көрсеткіш! Соғыстағы қаһар­мандығымен, қой өсірудегі қажыр-қайратымен атақ даңққа бөленгенімен өмір бойы өзегіндегі намысына шоқ болып түскен әскери билетіндегі «ақ таңдақ» Николайды Қазақстан Тәуелсіздік алған соң ғана азан шақырып қойған Найманбай атына аударып, ақсақалдың көзі ашылды.
Бүгінде сегіз ұлдан 30 немере, 34 шөбере сүйіп отыр.Қос майданның батыры 96-дағы абыз ақсақал Найманбай Құрбановқа Жеңіс мерекесіне орай «Жеңістен жеңіске жете беріңіз, жүзге жетіңіз» деген тілекпен жыр шумағын арнадық.
Кешегі Николай, бүгінгі Найманбай,
Өмірлі Құдайым құшағын жайғандай.
Қырық жыл ақтылы қой бағып,
Қоғамға сіңірген еңбегі сай қандай!

Кешегі Николай, бүгінгі Найманбай,
Әр жылы отары төлдерге бай қандай.
Бақ дарып, қуаты әлі де қайтпаған,
Үлгі етіп біздерге өзі әкеп қойғандай.

Кешегі Николай, бүгінгі Найманбай,
Қартымыз қуатты көзіміз тойғандай.
Кей кезде шынымен мақтанар,
Жауын ол жекпе-жек бір өзі жойғандай.

Кешегі Николай, бүгінгі Найманбай,
Көңілі, ниеті мінезге бай қандай.
Тоқсанға толықсып толғаны қанеки,
Жүзіңнің ауылы жақындап қалғандай.

Кешегі Николай, бүгінгі Найманбай,
Көрсетер жастарға жол қандай.
Қос-қостан немере үйленіп,
Құрады бүгінде сайранды ай.

Құтты боп, тойыңыз биікке өрлеңіз,
Қиындық қоғамда енді алда көрмеңіз.
Шөбере, шөпшегін жетектеп өсіріп,
Тәуелсіз елімнің төсіне төрлеңіз!

Ескендір ЕРТАЙ.



09 мамыр 2019 ж. 1 734 0