№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

2020 жылдың осы уақытына дейін аудан көлемінде 16 өрт оқиғасы тіркелген, оның 1-нысандарда, 3-автокөлікте, 9- тұрғын үйде, 2-басқада орындарда орын алған. Тұрғын үйдегі орын алған өрттердің салдарынан 1 тұрғын үй толығмен өртеніп, тұрғын үй ауласындағы 500 пресс шөп, 2 тіркеме бос шөп өртеніп. Мал қора ішіндегі 2 уақ мал шығыны болған.
Сонымен қатар шаруашылықтың 765 дана талы өртенген.
Автокөліктерде орын алған өрттердің салдарынан 3-авокөлік толығымен өртенген.  
Орын алған өрттердің себебі: 2-өрт моржаның ақауынана,  4-өрт электр желелерінің қысқаша тұйықталуы салдарынан,  5-өрт қоқыс қалдықтарын өртеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан, 1-өрт өшірілмеген темек тұқылынан, 3-өрт автокөліктің электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан, 1-электр жылыту құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтама салдарынан орын алып отыр.
Өртің шығу себебіне кінәлі 10 тұлғаға Қазақстан Республиксының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекісінің 410 бабының 1 бөлігімен әкімшілік шарасы көрілді.
Аудан  көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Жылу беру маусымында тұрғын үйлерде от жағу пештерінің ақауы салдарынан орын алатын өрт оқиғасы мен газдан улану факторларының  алдын алған жөн.  Электр қыздырғыш құралдарын пайдалану, қолдан жасалған, істен шыққан электр жылыту пештерін пайдалану, тұрғын үйлердегі пешті  пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің  ережелерін сақтамау салдарының соңы өрт оқиғалары орын алуды.  Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі өрт қауіпсізгі ереже талаптарын сақтау қажет:             
1) Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары  мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
2)электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
3) электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолданып, перделер мен жиhаздардан алшақ, жанбайтын тіреулерде орнатыңыз; 
4) электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуаттығына әкеп соқтырады;
5) қолдан жасалған қыздырғыш электр аспаптарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау үшін калибрленбеген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
6) үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;
7) үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
8) сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
9) балаларды қараусыз жалғыз қалдырмаңыз;
10) тұрғын үй ауласында тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өртеу жұмыстарын жүргізбеу;
11) автокөліктің электр сымдарынаың жарамдылығын мамандермен қарау жүргізу;
Барлық тұрғындарды тұрғын үйлердегіжәне басқада орындардығы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырамыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары  болған жағдайда тез арада «101», «112»  немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.
Ерлан Абдрасилов.

30 сәуір 2020 ж. 958 0