№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпсіздікті сақтайық!

Қауіпсіздікті сақтайық!


Қазіргі таңда бөлім қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарпынан су айдындарына күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде. Аудан аумағындағы су жағалауларына 35 және кент, ауылдық округтердің орталық көшелеріне бірнеше ескерту тақтайшасы қойылған. Ауа райының күрт ысып кету, Сырдария өзені, каналдар және су қоймаларында белгіленбеген орындарда адамдарды суға шомылу фактілері мен суға ішімдік ішіп түсу фактілері жиілеп орын алуда. Соның салдарынан адам шығыны көбейді.
Аудан көлеміндегі өзен, көлдердің, су қоймалары мен каналдардың асты таза емес, тік жарлы болып келеді. Сонымен қатар таудан келген сумен толығатын су қоймалар мен жер асты суымен толыққан тас алынған карьерлер сулар салқын болып келеді, бұл суға түскен адамның бірден аяқ-қолының тартылып қалуына әкеп соғуда.
Суға түсу маусымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз қалдырмау, тыйым салынған су айдындарына суға шомылмау, түнгі мезгілде суға түспеу және салқын суға түспеу керек. Ал ішімдік ішіп суға түсу ең қауіпті апат. Жыл сайын сары судың салдарынан бірнеше адам суға ағып кететіні рас.

***
2019 жылдың шілде айының 21 не дейін Жаңақорған ауданы көлемінде өрт мәселесі өршіп тұр. 24 өрт оқиғасы орын алса, оның ішінде 14 өрт тұрғын үйде, 1 өрт нысанда, 9 өрт басқа мекендерде тіркелген. Тіркелген 22 өрттің көбі тұрғын үйде орын алды, мәселен, 13 өрт тұрғын үйде орын алса, 8-і автокөлікте болды. Өрт оқиғасы салдарына тұрғындарға 6 210 000 теңге шығын келген. Сонымен қатар өрт оқиғасы салдарына 2500 дана пресс жоңышқа мен 600 бау қамыс шөптері жойылды. Ашық от пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған 2 адам күйік алған.
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау салдарынан 2 автокөлік пен 1 тіркеме толығымен өртенсе, 5 автокөліктің қозғалтқыш бөліктері мен ішік салондары өргенген.
Өрттердің басты шығу себебі ашық отты пайдалану кезіндегі аңғалдық, электр желілерінің қысқаша тұйықталуы мен тұрмыстық және ошақ қоралардығы пештерді салу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр.
Тұрғын үйлердегі және басқада орындарда өрттердің алдын алу мақсатында, тұрғындардан қарапайым өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

Ханзада ДОШАН
24 шілде 2019 ж. 848 0