» » Сақтықта қорлық жоқ!

Сақтықта қорлық жоқ!


Баршамыз мәлім коронавирустық инфекцияның пандемия деп танылу байланысты мемлекетіміз бір айдан астам уақыттан бері төтенше жағдай режимінде.
Бұл кезеңде бірқатар шаралар мен әрекеттерді жасауға уақытша шек­теулер белгіленген. Құқықтық мемлекетімізде кез-келген заңды бұз тиісті жауаптылық көзделген.
Өз кезегінде, төтенше жағдай режимін бұзғандар үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы Кодексінің 476-бабында 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәу­лікке дейін қамауға алу түріндегі әкім­шілік жауаптылықтар қаралған.
Құзырлы органдар әлеуметтік желілері және ақпарат көздерінде бірнеше рет ескертіп, заң бұзбауға шақырғанымен, жекелеген тұрғын­дар әлі де болса заң бұзушы­лықтарға жол беруде.
Оның дәлелі, ауданымызда төтен­ше жағдай мерзімінде 35 тұлғамен заң бұзу деректері анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, 11 тұлғаға айыппұл салынса, 24 тұлға әкімшілік қамаққа алынған.
Сондықтан, еліміздің барлық аума­ғында енгізілген төтенше жағдайға байланысты, біз сізді заңды бұзбауға және уақытша шектеулерді ұстануға шақырамыз.

Жанақорған аудандық прокуратурасы
26 сәуір 2020 ж. 586 0