№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕЙІРІН АЯМАҒАН МЕХНАТ ШЕКПЕЙДІ

МЕЙІРІН АЯМАҒАН МЕХНАТ ШЕКПЕЙДІ


Бүгінде заманауи технологиялар қарқынды дамып, адам өмірін онсыз елестету мүмкін еместей жағдайға жеттік. Халық ақпаратты барынша жылдам алмасып, жаңа технологияны игілігіне икемдеуге талпынып жатыр. Тіпті, кейбір жұмыстарды робототехникаға жүктеп, өмір сүру деңгейін жеңілдетуге кіріскен. Десе де, артынан ерген ұрпағына роботтар ұстын бола ала ма? Немесе жұмыстарын жеңілдетіп, алысты жақындатқан сымсыз телефонның құны ізін жалғар өмірінің бөлшегінен қымбат болғаны ма? Бұлай деуіме көшеде куә болған бір оқиға түрткі болды.
Бес-алты жасар баласын жетектеген ер адам жолдың жиегімен жүріп келеді. Баланың қолында смартфоны бар. «Жеті жасқа келгенше жерден жейсің таяқты» деген сөз бар емес пе. Бала ғой, көз ілескенше сүрініп құлап, ойыншығы екі метрдей жерге ұшып түсті. Сондағы әкесінің қылығы оғаш болды. Бауыр еті баласын жерден көтеріп жұбатудың орнына, телефонға қарай жүгіріп, «сынып қалмады ма екен» деген оймен алды-артын тексеріп көрді. Содан соң баласын жұлқып тұрғызып, «Абайламайсың ба? Сәл болмағанда телефон сынып қала жаздады», – деп жекірді. Бұл ашудың ар жағында қандай ой жатқанын кім білсін. Мүмкін қарызы өтелмеген гаджет шығар. Бірақ қаншалықты құнды дүние болса да сәбидің орнын алмастыра ала ма? Бұл бір.
Тағы бірде күндіз-түні тыным таппайтын әлеуметтік желіден бейнеролик келді. Онда бір жасөспірім тезірек телеэкранға айналып кетсем деген тәтті қиялға беріледі. Өйткені, ата-анасы баласынан гөрі көгілдір экранға көбірек көңіл бөледі. Бұл роликтің біраз ата-анаға ой тастағаны анық. Себебі, жұмыстан шаршап барған көбіміздің теледидар алдында дем алғандай болатынымыз рас. Алайда, алдымен балаға көңіл бөлу маңызды. Өйткені, күні бойы үй бетін көрмей жұмыс жасайтын әке-шешесін әр баланың сағынатыны анық. Қолына интернеті жалғанған компьютер мен телефонды беріп, қалағанын қарасын, әйтеуір құлағымның тынышын алмасын деген бейқамдықтан арылып, мейірім төгіп, тәлімді тәрбие беріп, өз махаббатымызды бойларына сіңірткеніміз абзал. Сонда ғана саналы, иманды, жүрегі жылылыққа толы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Психологтардың дерегіне сүйенсек, әр ата-ана баласын күніне ең кемі 17 рет құшақтап, сүйіп, оны жақсы көретінін айту керек. Сонда ол бала психологиялық тұрғыда дұрыс дамып, өмірден өз жолын адаспай табары анық.
Таңнан кешке дейін көк экранға шұқшиған ата-анадан бала қандай өнеге алады. Ата-ананың мейіріміне қанықпаған баланың болашақта кім болары белгісіз. Соның салдарынан қарттар үйінің бөлмелері толмасына кім кепіл?
27 наурыз 2018 ж. 1 334 0