№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 30-ға жуық медицина қызметкерлері ауруханада қонып жұмыс жасауда

30-ға жуық медицина қызметкерлері ауруханада қонып жұмыс жасауда

   Ауданда коронавирустың алғашқы ошағы анықталған күннен бастап дәрігерлер аяғынан тік тұрып, қызмет етуде. Бір айға жуық вируспен алысып келе жатқан ақ халаттылардың тынымсыз еңбегін қалай дәріптесек те жарасады. Алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер ішінде Арай Бимағамбетті де ерекше айтуға болады. Гиппократ антына 3 ай бұрын адалдық танытуды мұрат еткен онымен телефон арқылы байланысып, аудандағы эпидемиологиялық ахуалды білдік.
   – 29 наурызда провизорлық бөлім­шеге ауысу жөніндегі бұйрық келді. Әрине мен қарсы болмадым, дегенмен қобалжу болды. Бұл сынақ медицина саласына тәй-тәй қадам басқан мен үшін үлкен тәжірибе болатынын білдім. Сондықтан қызметке білек сыбана кірістім. Маған қолдау көр­сеткен барша әріптестеріме алғыс білдіремін. Бірнеше күннен бері карантинде жатырмын. Аз уақыттан кейін қызметіме қайта ораламын, – деп бастады әңгімесін ол.
Арай дәрігер Түркістандағы Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің медицина факультеті, терапия мамандығын 5 жыл тәмамдайды. Одан кейін аталмыш университеттің Шым­кент қаласындағы филиалының 2 жылдық интернатурасында білімін толықтырды. 2019 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, дипломын алған соң еңбек жолын аудандық аурухананың станционарында инфекциялық бөлімінен бастайды. Дәрігерлік қыз­метке кірескен бойда қауіпті індетпен күресуге бел буды. Қазір жұқпалы аурулар бөлімшесінде 30-ға жуық маман ауруханада қонып жұмыс жасауда. Олар үйіне жіберілмейді. Сонда ауысыммен қызмет етуде.
– Біздің бөлімшеде екі дәрігер, үш мейірбике мен үш тазалықшы бар. Өзім карантинге танылмай тұрып жиырма жасар жас пен жетпіске жеткен әжені емдеп шығуға күшімді салдым. Жауапкершілік ауыр. Науқаспен тығыз байланыста болып, екпе егемін. Қан қысымын өлшеп, жедел респераторлық құрылғыларды іске қосып, науқас жазылғанша жағдайын жасаймыз. Бәрінен бұрын, олардың ауруды жеңіп шығуына сендіреміз, – деді жоғары буынды медициналық қызметкер.
  Арай секілді ата анасын, енді бірі бала шағасын айға жуық уақыт көрмей еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне алғысы шексіз. Дәрігер оларды уайымдап, телефон арқылы үйден шықпауға кеңес беріп отыр. Атаанасы мен бала-шағасын айға жуық уақыт көрмей, еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне халықтың алғысы шексіз. Көптің тілеуі мен қолдауы арқасында дәрігерлер де науқастарды жазып шығаруда.
– 12 жаңақорғандық коронавирусты жеңді. Емдеудің әдістәсілдері респу­бликалық мамандар анықтаған жол­мен жасалуда. Оған қажетті барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті. Науқасқа түскенінен бастап 14 тәуліктен кейін сараптама жасалады. Ал жазылып шыққандар үй карантинінде болады» деді ауданның бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Арыспаева.
   Енді бір сәт кейіпкеріміздің өмір жолына назар салсақ, Жайыл­ма ауылындағы №195 мектеп­гимназиясын бітіреді. Жастайынан дәрігер болуды мұрат етіп, Түркістан қаласындағы медициналық оқу орнында білім алады. Сосын Шымкент қаласында білімін жалғастырады. Бүгінде дәрігеринфекционист Әсел Сейілова, Қашия Абсаттарова, Қаракөз Ашим,    Мерей Жұмаш секіл­ді мамандардан тәжірибе алма­сып, біліктілігін арттырып келе­ді. Ізденімпаз, еңбекқор дәрігер тәжірибесін шыңдап, науқастарға адал қызмет көрсету жолында жаңыл­майтыны анық. Өйткені оның ата-анасы адалдықтың, адамдықтың жолын дәріптеп, бойына сіңірді.
– Әрине қызымыз үшін алаңдаймыз. Біз қайта мақтан етеміз. Ең бастысы, індеттің алдын алып келеміз, соған шүкір дейік! Тәртіпке бағынып, қайта оқ пен оттың ортасында жүрген ұл-қыздарымызға қолдау білдіру керекпіз, – деп Арайдың ата-анасы үнемі қолдау білдіріп отырады. Түйіндей айтқанда, ел тағдыры сынға түскен сәтте талап үдесінен шығып, табанды қызметте жүрген жандарға тек тілекші болып, сырттай демеу болайық, ағайын!

Әлібек ТЕМІРБЕК
21 сәуір 2020 ж. 1 072 0