№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақтансаң – сақтармын деген...

Сақтансаң – сақтармын деген...


Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекциясының жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларын жіті сақтауды сұраймыз.


Біріншіден, дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; екіншіден, үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; үшіншіден, үйде күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; төртішіден, қолды сабынмен жиі жуып тұру; бесіншіден, жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану; алтыншыдан, аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру; жетіншіден жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).
Сондай-ақ оқшауланған адамға, үйдегі карантин жағдайларында: жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлу; оған басқа адамдарды келтірмеу; оның, халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау; қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.
Бұдан бөлек тұрғындарға арналған профилактикалық шараларды да естен шығармаған абзал. Мәселен, дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу; профилактикалық шараларды сақтау: үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету; үй-жайды күн сайын ылғалды жинауды жүргізу; қолды сабынмен жиі жуу; жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану; Дене қызуы бар адамдардың қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

Яхия ШОРАБАЕВ,
Жаңақорған ауданының бас дәрігері
04 наурыз 2020 ж. 741 0