№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғалымдар коронавирустың жылдам таралуының себебін атады

Ғалымдар коронавирустың жылдам таралуының себебін атады

zhanaqorgan-tynysy.kz.Америкалық ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, Қытайда жаңа коронавирустың жылдам таралуының басты себебі – аурулары ұзақ уақыт бойы анықталмаған жеңіл белгілері бар науқастардың көп болуы, сондай-ақ вирустың өзінің жоғары жұқпалы қасиетке ие болуы деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайда COVID-19 инфекциясына шалдығудың тіркелген деректері мен адамдардың қозғалысы туралы мәліметтерді біріктірген математикалық модельдеу нәтижелері 2020 жылғы 23 қаңтарда Уханьға кіріп-шығуға шектеу қойылмай тұрып, елдегі оқиғалардың 86 пайызы құжатталмағанын көрсеткен.
Бұл вирустың жылдам географиялық таралуына ықпал еткен.
Осылайша, 2020 жылғы 23 қаңтарда Қытай үкіметі халықтың қозғалысын бақылау бойынша шаралар қабылдағаннан кейінвирустың таралу қарқыны айтарлықтай төмендеген.
«Қытайда COVID-19 инфекциясының өршуі ауру белгілері жоқ, болса да жеңіл немесе шектеулі науқастармен байланысты. Олардың жұқтыру деңгейі мен санына орай, ауру белгілері анықталмаған науқастар халықтың айтарлықтай басым бөлігіне қауіп тудырады. Біз Қытайда осындай ауру белгілері байқалмайтын адамдардың көп болғанын және инфекцияны көп адамға жұқтырғанын анықтадық», – дейді ғылыми зерттеудің жетекшісі, профессор Джеффри Шаман.
20 наурыз 2020 ж. 587 0