КСРО обаны қалай ауыздықтады..
1959 жылдың соңғы күндерінің бірінде «Внуково» (Мәскеу) әуежайына Дели – Мәскеу бағытындағы ұшақ келіп қонды.Ұшақта белгілі кеңес суретшісі, 2 мәрте Сталин сыйлығының лауреаты Алексей Кокорекин бар еді.
Жоспарлағанынан бір күн ерте қайтқан ол кеден бекетінен өтіп, өз үйіне емес, ойнасының үйіне тартты. Сүйіктісіне алып келген сыйлықтарын тапсырған ол ертеңіне өз отбасына оралып, мерекені жақындарының ортасында қарсы алды. Ұшақтан түскенде басталған жөтелі мерекеден кейін үдеп, дене қызуы көтеріле бастаған соң ол емханаға баруға мәжбүр болды. Боткин атындағы Орталық ауруханаға жеткенше жағдайы нашарлап кеткен Алексейді дәрігерлер бірден госпитализация жасады. Бірақ ем-дом әсер етпей суретші сол күні кешке қайтыс болды. Мәйіттегі ерекше белгілерден күдіктенген патологоанатом атақты кеңес онкологы, патологоанатом академик Н.А.Краевскийді шақырды. Бақытқа орай, сол күні академикке Ленинградтан қарт патологанатом келіп отыр екен. Қарт дәрігер мәйітті бір көргеннен «Бұл қара оба» деп мәлімдеді. Дәрігерлердің зәре-құты қалмады. Қорықпай қайтсін?! Жаппай вакцинация жасаудың арқасында оба індеті КСРО-да 1936 жылы жойылған болатын.
Енді дәрігерлер арнайы органдар арқылы А.Кокорекиннің жүріп өткен жолдарын анықтауға кірісті. Сөйтсе, Үндістанда саяхаттап жүрген суретші түкпірдегі штаттардың бірінде қайтыс болған бір брахманның денесін өртеу жоралғысына қатысқан екен.
Ертеңіне Кокорекинді қабылдаған аурухананың тіркеуші қызы мен оны қараған дәрігер, Кокорекин жатқан палатаның дәл астыңғы қабатындағы палатада жатқан бозбаладан сырқат белгілері байқала бастады. Палатаның алдынан өткен пеш жағушы да сырқат жұқтырып алыпты.
2 аптадан соң әлгі аурухана қызметкерлері тегіс сырқаттанды. Бәріндегі бір белгі - ыстық көтерілу, жөтел және дененің бөртіп кетуі.
Сырқаттардың бірінен алынған биоматериалды Вакцина ғылыми-зерттеу институтына жіберді. Сонымен, 1960 жылдың 15 қаңтарында Кокорекиннің Үндістаннан оба ауруын жұқтырып келгені анықталды. Бұл кеселден ем жоқ екенін және КСРО деген алып мемлекет қорқынышты эпидемиямен бетпе бет келгенін түсінген аурухана басшылығы жағдайды мемлекет басшыларына хабарлауға мәжбүр болды.
Сол күні түс қайта КСРО басшысы Н.Хрущев кеңес өткізіп эпидемиянывң алдын алу шараларының жоспарын жасауды тапсырды.Ішкі Істер министрлігі мен КГБ басшыларына суретші байланыста болған барлық азаматтарды анықтап табуға тапсырма берді.
Кокорекин Делиден ұшып келген ұшақ экипажы мен жолаушылары, кеденшілер, суретшінің туыстары, достары, әріптестері барлығы ауруханаға жатқызылды. Сол рейспен келген бір жолаушы Мәскеуден Парижге ұшып бара жатыр екен. Еуропа аспанынан ұшақ кері қайтарылды. Арнайы қызмет өкілдері суретшінің ойнасын да тауып алды. Кейін анықталғанындай суретші Үндістаннан оралған санаулы күннің ішінде мыңдаған адаммен жолы қиылысыпты. Оның бәрін анықтау еш мүмкін емес еді.
Кокорекинмен бір кеш бірге болған біреу бір ЖОО-да оқытушы екен. Сол оқытушы сабақ берген студенттердің бәрі дәрігерлік бақылауға алынып, әрқайсысы өз туған жерлеріне карантинге жіберілді. Кокорекин Үндістаннан алып келіп туыс-дос, таныстарына таратқан сыйлықтардың бәрі тәркіленді. Кейбір таныстары сыйлығын комиссиялық дүкендерге өткізген екен. Оларды да арнайы органдар тауып жойды. Өртеуге жарайтындары өртелді.
Боткин атындағы Орталық аурухана қоршауға алынып, қызметкерлері мемлекеттік резерв есебінен қамтамасыз етілді. Жаңа жылдық ырду-дырдудан енді арыла бастаған Мәскеу дәл соғыс кезіндегідей әскери тәртіпке көшті. Қалаға кірер-шығар жолдар толық жабылды. Әуе, теміржол, өзен көліктері тоқтатылды. Дәрігерлік бригадалар күн-түн демей күдікке ілінген азаматтардың мекен-жайына барып, ауруханаға тасумен болды. Бар-жоғы 1 аптаның ішінде Мәскеу ауруханаларына 10 мың адам тоғытылды. Бәрі сол Дели—Москва авиарейсінен басталған әлек..
Сонымен бір мезгілде Ташкент, Томск, Краснодар секілді вакцина өндірісі жолға қойылған қалалардан үшақтармен 10 млн доза вакцина жеткізіліп, Мәскеу тұрғындарына егу жұмыстары басталды..Қаладағы барлық емхана, аурухана және өзге де емдеу мекемелерінің қызметкерлері егу жұмыстарына жегілді. Егу жұмыстарына мдециналық оқу орындарының студенттері де жегілді. 10 мың егу бригадасы аптасына 1,5 млн адамға вакцина салып отырды. Айдың соңына дейін обаның ошағы жойылды..
1960 жылдың соңына дейін Мәскеудің 7 млн тұрғынына вакцина егілді. Тіпті үмітсіз кеселге шалдықққан өлім аузындағы ауруларға да вакцина егілді.
ЕНДІ ҚАРАҢЫЗДАР: Кокорекиннен обаны тікелей бар 19 адам (7 туысы, 9 аурухана қызметкері, ауруханада жатқан 3 сырқат) жұқтырған. Олардан тағы 26 адам жұқтырған.
Жалпы, обаға шалдыққан 46 адамның 3-і қайтыс болды. Онда да қатаң әскери тәртіптің арқасында..
Өмір Шыныбекұлы