№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алматыда менингиттен 27 жастағы өрт сөндіруші көз жұмды

Алматыда менингиттен 27 жастағы өрт сөндіруші көз жұмды


Алматы қаласында менингикок инфекциясынан өрт сөндіруші болып қызмет еткен 27 жастағы Олжас Сүлейманов есімді азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.Марқұмның туыстарының айтуынша, Олжас Сүлейманов менингококк инфекциясының алғашқы белгілерінен 12 сағат өткен соң қайтыс болған.
«2 маусымда күні бойы қызуы көтерілді. Ол жай тұмау шығар деп мән бермеді. Кешке жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырдық. Алайда, 12 сағат қиналып, таңға жуық ауруханада қайтыс болып кетті. Біз оны бүгін жерлейміз деп едік, бірақ мәйітті қазір ала алмаймыз. Өлімнің себебіне байланысты сараптама жүргізілуі керек», – деді қайтыс болған жігітің ағасы Ерболат Сүлейманов.
Ағасының айтуынша, Олжас ауырған бетте жедел жәрдем шақырған. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында оған жұқпалы респираторлы вирус деген диагноз қойылып, антибиотик алып үйіне қайтарылған. Үйіне жеткізілген Олжастың жағдайы одан әрі нашарлаған соң түнде жігітті қайтадан ауруханаға алып кеткен. Ал 3 маусымда таңға жуық жігіт қайтыс болып кеткен.
Досының айтуынша, Олжас қалалық ТЖД өрт сөндіруші болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, қазір жұқпалы аурулар ауруханасында Олжаспен байланыста болған адамдар да бақылауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда менингитке қатысты тек 32 оқиға тіркелген еді, олардың 27-і зертханалық, 5-і клиникалық тұрғыда расталған.
Ал, Олжас Сүлеймановтың жағдайында зертханалық растау күтіледі.

06 маусым 2018 ж. 1 025 0