№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәби көңіліндегі сәуле

Сәби көңіліндегі сәуле


Бес жасар немересінің бойындағы өзгеше өнердің өрнегін танып, соны бізбен бөлісуді қалаған кентіміздің тұрғыны, жасы сексенге толып қалған қарт суретші Афраил Юсупов бізді шаңырағына шақырды. Өзі Мәскеу жоғары оқу орнының живопись және көркемсурет мамандығын бітірген, ширек ғасыр мектепте суреттен сабақ берген еді. Мақұл дегенімізді естіп, алдын-ала дайындап қойғаны ма, есіктен кіргеннен жағалай қабырғаға ілінген немересі Эсманурдың салған суреттеріне көзіміз түсті.
Одан басқа баланың қолымен салған шимайға толы екі альбомды алып келіп, қолыма ұстатты.
Екі жастан бастап салған суреттері екен. Оны шимай деп отырған біз. Ал атасы үшін ол шимай емес, кішкентай саусақтар таңбалаған әр сызықта сәби жүректің танымы, табиғаты тұнып тұр. Тек оны түсіне білу керек.
– Эсманурдың салған суреттерінде ой бар, – дейді художник атасы Афраил, – Мен оның келешегінен көп үміт күтемін. Оған ешкім сурет салуды үйреткен жоқ. Өзі түрлі эскиз сызып, үлкен адамдарша беріліп кететіні қызық. Баламның талабын қуаттап, сурет салатын тақтаны өзім жасап бердім.
Гуаш, акварель, түрлі-түсті қаламдары қаз-қатар қойылған жұмыс үстелінен тыс уақытта 5 жастағы Эсманурға анасы Наргиза тақпақ жаттатқызады екен. Сәбиі үш тілді – ана тілін, қазақ тілін және орыс тілін жетік білетінін айтып мақтан еткен Наргиза өнерлі жеткіншегінің ойлы боп ержетіп келе жатқанына осы бір тылсым өнердің де ықпалы зор екенін айтады. Шынында сәбиі әр салған суреті туралы анасына өзінше түсіндірмекке тырысады екен. Суреттеріне балалық қиялмен қойған тақырыптары да сан алуан. Кішкентай Эсманурдың әр тақырыбынан сәби көңілінің сәулесі төгіліп тұр.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
02 маусым 2018 ж. 1 341 0