Бүгін қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың туған күні
Бүгін қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі Мұқан Төлебаевтың туған күні. 1947 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне Мұқан Төлебаевқа арналған мақала шыққан болатын.
Біздің алдымызда нота жазылған қалың дәптер жатыр. Бұл «Біржан мен Сара» операсы. Ол бүгінгі заманның музыка мәдениетінің талабына сай жазылған күрделі, құнды шығарма. Операны жазған жас композитор Мұқан Төлебаев орыстың музыка мектебінің жақсы дәстүрінен үйреніп, тәрбиеленген. Ұлттық ерекшелікті жалпы адам баласына тән қасиеттермен терең ұштастыра отырып, көкейге қонымды, соны шығарма жасай білген.
Композитор 1913-жылы Қарашыған деген ауылда туған. Бала күнінен ән мен күйді көп естиді. Оның ән, күйге құмартуына, әсресе, шешесі Тәжібала себепші болады. Ол музыканы сүйетін, жыйындарда той бастайтын ақын адам болған.
Мұқан 6 жасынан бастап-ақ домбыра тартуға бой ұрады. Бірақ шұұ дегеннен музыка соңына біржола сарылып түспейді. Жүре келіп, шұғылданады. 1933-жылы Бөрлітөбе ауданы орталығында ол театр үйірмесін құрады және оны басқарады. Кейін халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық кеңесіне шақырылады. Осында көркем өнер қайраткерлері оның келешегі зор адам екенін байқап, Москваға оқуға жібереді.
Болашақ композитор 23 жасында Москвадағы мемлекеттік консерваторияның қазақ бөліміне түседі. Ол көрнекті композитор Р.М.Глиердің шәкірті болады. Кейініректе Москва композиторы Б.С.Шехтерден тәрбиеленеді.
1938-жылы Мұқан халық әні «Шайтан қараны» өңдейді. Ол мұның композиторлық тұңғыш өңдеуі еді. Бұдан кейін ол «Кешкі көк» деген өзінің музыкалы шығармасын жазады.
Кейінгі жылдарда Төлебаев жолдас композитор Брусиловскийден оқыйды. Отан соғысы жылдарында оқуын аяқтап, бірнеше шығармалар жазады. Бұл шығармаларында халықты ерлікке шақырады. «Таня туралы» (бұл шығармасы Отан соғысы турады әндер конкурсында бәйге алған). «Аттан қазақ», «Соқ, барабан», сол сыяқты, «Кестелі орамал», «Бесік жыры», оркестр үшін увертюра, скрипка үшін поэма, Аманкелді батырға арнаған романс тағы басқа бірнеше лирикалы шығармалары сол қаһарлы күндерде жазылған.
Бұл шығармаларының бәрі оның өзіне тән ерекшелігі күшті дарынды композитор екенін көрсетті және опералық шығарма жазуына әзірледі.
Композитор Төлебаев өзінің опералық шығармасын қазақ халқының өткен замандағы ардагерлері Біржан мен Сара туралы жазады.
Операда музыкалық бейнелеудің үш саласы жатады. Бірінші негізгі сала – ақындық арда сезімге бөленген Біржан мен Сараның езгі жолы, екіншісі – жанталасып, жаңалыққа қарсы арпалысқан қатал болыс Жанбота мен Біржанның әкесі Қожағұл, үшіншісі – өткінші көріністер ауыл жастары, халық тақрыбы. Музыкалық бұл үш сала бір арнаға – жан күйін толғайтын музыкалық поэма арнасына құйылады.
Операны жазуда осындай салаларды айқындап алып, композитор шығарманың негізгі өзегі етіп – Біржанды алады. Бұған оның өз әндерін арқау етеді. Бірақ Төлебаев Біржан шығармаларын әшейін ала салмай, творчестволық жолмен теріп, әнді батыл түрде шалқытып, жоғары көтереді. Біз бұл арада композитордың зор талантын көреміз. Ол ірі операдағы музыкалық барлық мүмкіншіліктерді өзінің творчестволық көздеген нысанасына бағындырады. Оның ішінде оркестрді еркін игереді. Мұнда композитордың өзіне тән творчестволық даралық қасиеті айқын сезіліп тұрады.
Опера оқыйғасы «Қоянды» жәрмеңкесінде басталады. Осында жұрт Біржанмен және оның досы жыршы Естаймен кездеседі. Сара да келеді. Біржан мен Сара айтысады. Осы айтыс үстінде сахнаға қатаң болыс Жанбота шығады. Біржанның өткір тілмен мінеп айтқан өлеңіне шамданған ол Сараны айттырған күйеуі Жиенқұлға беруге бұйырады... Жиенқұл мен Сараны қосады. Сол той үстінде би бар. Бұл биді композитор асқан шеберлікпен жазған. Бұл би үлкен симфониялық көрініс. Мұнда не баяндалатынын аңғару қиын емес. Би тез өрістеп шалқый жөнеледі. Бұл күшті толқын, құйындай ұйытқыған симфониялық би ырғағы жұртты ұйытып, өзіне тартып әкетеді. Бұл арада тек би ғана емес екенін, үнемі үдеп отырған әсем бидің ырғағы толқынды кең музыка дүниесін бейнелейтінін жұрт айқын сезіп отырады. Сараның қайғы-хасреті, Біржанның қарсылық күресі, Жиенқұлдың жексұрын бейнесі, бұлардың арасындағы қыйлы күрес, таластар, ащы зар – осының бәрі би дастанының өзегі. Бұдан музыкалық драманың тұтас тұлғасы, ішкі дүниесі сөзсіз-ақ, әнсіз-ақ жұртшылыққа жетіп жатады.
Бұл көріністе Біржанның дұшпандары сал ақылынан адасыпты деген өсек таратады. Сара күйінеді... Біржан зынданда өледі. Жоқтау айтылады, қоштасу. Үлкен сеніммен жырланған Біржан тақырыбының салтанатты, сазды әні тербеледі.
Композитор өз операсында Біржанның «Жанбота», «Жамбас сыйпар», «Адасқан» сыяқты әндерін пайдаланады. Сол сыяқты, бірінші актыда опера тақырыбымен үндесіп жатқан бірқатар халық әндері де алынған. Ал бірақ, операны тұтас алғанда, Төлебаев жолдастың музыкалық үлкен тың еңбегі. «Біржан мен Сара» қазақ опера театры үшін жаңа түр, жаңа әдіспен жазылған шығарма. Кейбір думан, жыйындарға қарамастан, өзінің ішкі-сыртқы құрылысы жағынан терең лирикаға бөленген камералық опера. Операның өн бойына композитордың өзіне тән творчестволық беті айқын сезіліп отырады. Бұл операның көркемдік құндылығын арттыра түседі. Оның ырғақты сазы тартымды, ұғымды гармониялық үні тұнық, нәрлі. Автордың алдына қойған мақсаты, көздеген творчестволық нысанасы жоғары дәрежеде дұрыс шешілген.
Бірақ бұл айтылғандардан композитор Төлебаевтың операсында ешқандай кемшілік жоқ деген сөз шықпайды. Бірсыпра көріністерде автордың творчестволық толғануы жетпей жатады, ол кей жерінде баяулап, мүдіріп қалады, кейбір сөздік элементтері нанымсыз және бұл сөздік элементтердің орынсыз қолданылатын жерлері де бар. Алайда, бұл өсу жолындағы, жүре бара жойылатын кемшіліктер деп сенеміз.
Төлебаев жолдастың осындай күрделі еңбегін Абай атындағы академиялық опера және балет театрының коллективі жақсы игеріп, автордың көздеген мақсатын жұртшылыққа толық жеткізе білген. Бұл жөнінде постановканы қоюшы Құрманбек Жандарбеков, дирижер Г.Столяров, суретші А.Ненашев, актерлер: Күләш Байсейтова мен Шабал Бейсекова (Сара), Әнуәрбек Үмбетбаев пен Байғали Досымжанов (Біржан) тағы басқа жолдастар зор еңбек сіңірген.
«Біржан мен Сара» операсын жазу арқылы Төлебаев жолдас ұлт опера театры тарихынан құрметті орын алып отыр.