№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Брусиловский дүниеге келген күн

Брусиловский дүниеге келген күн


1905 жылдың 12 қарашасында  композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор КСРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Григорьевич Брусиловский дүниеге келді. Дондағы Ростовта туған.
Ленинград консерваториясын профессор М.О.Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантатаораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының, «Сарыарқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50-ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде еңбегі зор. Ленин, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
12 қараша 2019 ж. 973 0