№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Жылан жалағандай" тазалық қалыптасса!

"Жылан жалағандай" тазалық қалыптасса!

«Тазалық – табалдырықтан басталады» дегенді санамызға сіңірген өскен халық едік.  Қазіргі кейіпке қарап бұлай дей алмаймыз. Жаңақорған кентінің қай бұрышына барсаңыз да қоқысқа көз сүрінеді. Неге? Өйткені халық тазалыққа салғырттық танытып отыр. «Ордакент» ардегерлер және жастар ресурстық орталығында өткен жиында осындай өткір мәселелер арқау болды.

Кент әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жарасхан Мырзалиев, аудан әкімінің кеңесшісі Серқожа Ыдырысов, «Жаңақорған Тазалық»  ЖШС басшысы Мұхамеджан Рүстемов және көше комитеттерінің төрағалары  кентте жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстарының нәтижесін талқылап, таза орталықа айналдыру жолдарын сөз етті. Көше комитеттерінің міндеті нақтыланды. Бір әттеген-айы, келелі жиынға  кенттегі 132 көшеден 7-8 ғана көше комитеті қатысты. Бұл да жауапкершілікке салғырт қараудың бір көрінісі іспетті.
–   Кеше ғана Саяжай мөлтек ауданына білім бөлімі тарапынан сенбілікжүргізіліп  тазалаған болатын. 2-3 күннің көлемінде қайта сол баяғы күйге түсті. Енді  күл-қоқыстарын бей-берекет тастап кететін тұрғындарға ескерту жасалады, үш күннің ішінде тазалық жұмыстарын жүргізбесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Яғни  мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ысырып қоймай, әр адам тазалықты өз ауласынан бастау қажет, –  дейді  Жарасхан Наурызханұлы.
– Шынында  кент тазалығы тек мекемелердің мойнындағы мәселе емес. Күл-қоқысын аула сыртына қойып жатқанды  көрген кез-келген адам фото, бейнеге түсіріп тиісті  мекемелерге жолдағаны абзал. Солай 1-2 рет айыппұл салынса тәртіпке бағынар, тазалықты сақтауды әдетке айналдырар, – деп қынжыла ой тастады тазалық мекеме басшысы.
      Бүгіннен бастап әр үйге кіріп тұрғындармен келісімшарт жасалады. Осы келісімшарт негізінде әр отбасындағы жан басына бір айға  65 теңгеден есептеліп, тазалық мекемесі кесте бойынша арнайы көліктермен жиналған қоқысты алып кетіп отырады. Тұрғындарда осыны әдетке айналдырып, тазалық мәдениетін қалыптастырамыз деп ойлаймын, – деген адан әкімі кеңесшісі Серқожа Ыдырысов сөзін былай жалғады.
– Әсіресе мейрамханалар, ірі сауда орындары, базар маңы, құрылыс заттары дүкендері мен шлакоблок шығаратын жеке кәсіпкерлер келісімшартқа отыруы міндеттеледі. Егер заңға мойынсынбай бас тартқан жағдайда 3 күн уақыт беріледі, осы уақыт аралығында тазалық жүргізбесе хаттама толтырылып ірі көлемде айыппұл салынады.  Шыны керек көпшілігіміз табысымыз жақсы, бірақ тазалық жүргізуге құлықсызбыз. Көпке топырақ шашудан аулақпын, үй іші ауласын таза ұстағанымен көше, кент тазалығына мән бермеушілік басым. Осы тәртіпті қалыптастыруға аянбай күш салу қажет, орындамағандарға  айыппұл салынады. Осы тәртіп орнағанда ғана  таза ауданға айналамыз.
Жиын соңынан сөз алған кент әкімі аппаратының бас маманы Алмагүл Мамирова кенттегі  таза, абаттанған үш  көшені атап өтті. Олар Т.Тотаев, С.Сапарбеков және Файзулдаев көшелерінің көше комитеттеріне алғысын білдірді. Кенттегі 132 көшеге үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге байланысты  мамандар бекітілгенін жеткізді.
Өскелең ұрпақтың тазалық мәдениетіната-ана мен мектептегі ұстаздар бірлесе отырып қалыптастыру қажет.
Басқа елді айтпай-ақ өз елімізде де ахуал осы. Ересектердің өзі күнделікті өмірде тазалыққа қатысты ұдайы үлгі көрсете бермейді. Қазіргі таңда өмір құндылықтарының өзгеруі тазалықты сақтамаудың басты себебіне айналып отыр. Жұмысбастылық салдарынан адамдар үйде аз уақытын ғана өткізеді. Сол себепті біреуге ақы төлеп жината салады. Бертін келе оларда тазалақты сақтамасақ та болады деген ұғым қалыптасады.
Тазалық  – салауатты өмір сүрумен байланысты этикалық түсінік. Осындай олқылықтың орнын толтыру үшін алдымен сананы тазарту қажет. Сана тазармай тұрған жеріміз тазармайды.
Майра Ғаниева
18 қазан 2019 ж. 1 086 0