Сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер талқыланды

Жаңақорған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Аудан әкімі аппаратының заңгері, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары М.Балқожаев, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары, жекеше нотариустар, «Халық банк АҚ-ның» өкілі, кәсіби медиаторлар мен жеке сот орындаушылары
Аталған Заң 2019 жылғы 21 қаңтарда қабылданып, ол ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Заңға сәйкес соттардың жүктемелері азайтылған. Бұл сот орындаушыларының іс-әрекеттерін санкциялау, бірқатар даусыз талаптарды нотариусқа беру және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын дауларды бұйрық шығару арқылы қаралатын санатқа беру және т. б.. Енгізілген өзгерістер соттардағы жүктемені азайтуға және судьялардың назарын шын мәнінде күрделі сот дауларына аударуға мүмкіндік береді.

Төраға міндетін атқарушы бұйрықтық іс жүргізу талаптарының жартысын нотариатқа беру, яғни атқарушылық жазба мәселелеріне ерекше назар аударды.
Семинарға қатысушылар заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, өзара пікір алмасты.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі