Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұнамаған тауарды қайта өткізе аламыз ба?

Ұнамаған тауарды қайта өткізе аламыз ба?


Қазіргі қоғамда сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас дау – дамайға толы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауда және қызмет көрсету саласында «Клиенттікі әрдайым дұрыс» қағидасы үнемі үстемдік етпейді. Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр.

Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан – жақты қорғауға бағыттылған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының қандай құқықтары бар? Бұл жөнінде біз Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменовпен тілдестік.
Департамент басшысы әңгіменің әлқиссасын тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушы­лардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы­мен берік қорғалғандығын естен шығармауы керектігін еске салды. Осы Заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті екен.
– Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі, фасоны бойынша ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14 күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Бұл орын алған жағдайлар құқықтық реттеу Заңның 14, 30 бабында атап өтілген, – деді Ерқасым Сүлейменов.
Басқарма басшысы заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарларды атады. Олар; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, іш киім, шұлық-ұйық бұйымдар, жануарлар мен өсімдіктер және метрлеп сатылатын тауарлар. Яғни, талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, пленка мен кленка жатады. Сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
– Негізі сапасыз тауарды айырбастау әлде-қайда оңай. Заңның 30 бабы 1-1 тармақшасына сәйкес, сатушы мерзімі өткен, техникалық регламентпен белгіленген, өнімнің нормативтік құжаттарының талаптарына сай емес, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзылып өндірілген, оның пайдаланғанына, тауарлық түрінің, қасиеттерінің, пломбасы мен заттаңбаларының сақталмағандығына қарамастан сапасыз тауар сатып алынған 30 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға міндетті. Сатып алынған сапасыз тауар қолданыста болмаған сондай тауарға айырбасталуы немесе тұтынушыға тауарға жұмсалған ақшалық сумма қайтарылуы тиіс. Тауарды қайтару кезінде сатушы тауардың жартылай немесе толықтай пайдаланылғандығы, тауарлық түрінің сақталмағандығы немесе өзге де себептермен оның суммасынан ақша ұстап қалуға хақысыз, – деді Ерқасым Жайбергенұлы.
Түйіндей айтқанда, Заңның 30-бабы, 2-тармақшасына сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін анықтап сатушыға оның айырбастау жөнінде талап қойған жағдайда сатушы (өндіруші) оны дереу айырбастауға міндетті екен. Ал тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама) қажет болған жағдайда сатушы (өндіруші) айырбасты талап қойылған мерзімінен 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Тауар сапасын қосымша тексеруді (сараптама) сатушы төлейді. Егер сараптама барысында тауардың сапасыздығы анықталмаса немесе тұтынушыға сатылғаннан кейін оның пайдалану және сақтау ережелерін бұзу, үшінші тұлғалардың пайдалануы салдарынан орын алса тұтынушы сатушыға (өндірушіге) тексеруге және оны ұйымдастыруға кеткен транспорттық шығындарды өтеуге міндетті екені белгілі болды.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
11 ақпан 2020 ж. 857 0