№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҮЙІТКІЛ: САУДА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?

ТҮЙІТКІЛ: САУДА МӘДЕНИЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ?


Осыдан бірнеше жыл бұрын Павлодар қаласындағы сауда орнының бірінде орыстың кемпірі сатушыдан чек талап етіп тұрғанын көрген едік. Ал, осы көрініс бізде орын алса «мынау кемпір алжыған ба?», – деген сөз болары ақиқат. Сондықтан жаңақорғандықтар чек талап етіп, мемлекетке қыруар пайда тигізетіні жайлы біле бермейді-ау деген ой түйеміз.

 
ЧЕК НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Бірінші осы сұраққа жауап берелік.   
Мемлекетке тигізер бірінші пайдасы. Тұтынушы сатушыдан чекті талап ету арқылы мемлекеттік бюджетті арттыруға үлес қосады. Себебі мемлекеттік Кірістер басқармасында тіркелген кассалық аппараттан берілген әрбір чекке кәсіпкер есеп беріп, салық төлейді. Демек, кассалық аппарат арқылы берілген чек, салық түсімін арттыруда көп септігі бар.
Екінші пайдасы. Көлеңкелі экономикадағы қаржының көлемін азайтуға жәрдемі тиер еді. Қазір Қазақстан экономикасының 20 пайызы көлеңкелі экономиканың еншісінде. Бұл дегеніміз, қаншама әлеуметтік нысан (мектеп, емхана) мен жүздеген шақырым жол, инновациялық өндіріс орындарын салуға жететін қаржы.
Үшінші пайдасы. Чек талап ету арқылы тауардың сапасын бақылуға болады. Мәселен, тұтынушы алған тауарының сақтау мерзімі біткендіктен ауырып қалса, кәсіпкерді айыптай алады. Егер тауармен бірге чек алған жағдайда. Себебі чекте кәсіпкердің аты-жөні, ЖШС (ИИН), тауардың бағасы мен атауы жазылады. Яғни, чек тұтынушының сапасыз тауар пайдаланғаны жөнінде бұлтартпас айғақ бола алады.
Сондай-ақ, тауар сапасыз болған жағдайда чек арқылы өнімді сатушыға кері қайтаруға болады. Ал, сатушы қайта алмайтын болса, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқығын қорғау» Заңын бұзған болып есептеледі. Бұл жайлы мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Талас айтты.

САЛЫҚТАН НЕГЕ ЖАЛТАРҒЫСЫ КЕЛЕДІ?
Кенттегі бірнеше сауда орындарын аралап «кассалық аппарат бар ма? Тауар алған жағдайда чек бересіз бе?» – деп сұрақ қойдық. Сатушылар: – Ертең келіңізші, аппарат істемей тұр. Бізден тұтынушылар чекті талап етпейді. Сол себепті чекті сұрау қызық естіледі екен, – деп жауап берді.
Кенттің бірнеше тұрғынынан «сауда орындарынан алған затқа чек сұрайсыз ба?» – деп сұрадық. Сонда сауалға іліккен 15 адам «оның қажеттілігі не? Чекті сұраған емеспін» дегенге саятын жауап қатты.
Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Ж.Таласқа осы сұрақты қойдық.
– Әрине мен тауар сатып алғанда чекті сұраймын. Кейбір сатушылар менің чек талап ететінімді біліп, чекті өздері береді. Жалпы бізде салық, сауда мәдениеті қалыптаспаған. Сол себепті кәсіпкер кассалық аппараттан көп жағдайда чекті бере бермейді. Бұл дегеніміз салықтан қашып, көлеңкелі экономиканың үлесін арттыру деген сөз. Ақиқатында салықтан түскен қаржы жол салуға, әлеуметтік нысандар тұрғызуға жұмсалатынын білсе де, салықтан жалтарып қалғысы келеді, – деді.     
 Сөз соңы. Салық мемлекеттің қуатын арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы дұрысталуына жағдай жасайтын тетік. Сондықтан чектің пайдасы тұтынушының елдің өркендеуіне қосылқан үлесі екені сөзсіз.

Нұр-Кенже.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 699 0