№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйдің қабырғасы неге көгереді?

Үйдің қабырғасы неге көгереді?


Қабырғада зең пайда болып, көгеріп кететін жағдай ескі үйлерде, ылғал температурада, суық үйде жиі кездеседі. Оның себебі неде, бұл туралы не білуіміз керек?
Зең көрер көзге ғана жағымсыздық тудырып қоймай, денсаулыққа да зардабын тигізеді. Тыныс жолдарында мәселе туғызып, демікпе, бронхит, астма секілді ауруларға шалдықтыруы ықтимал. Әсіресе балалар үшін қауіпі мол. Сол себептен үйіңізде көк пайда болса, оған бейжай қарамаңыз.
Зең жайдан жай пайда болмайды, қай жерде оған жайлы жағдай жасалған, сол жерге шоғырланады. Әсіресе ваннада көп кездеседі.  Себебі ол жер ылғал, ауа айналымы нашар. Зеңді болдырмау үшін қабырғаға шашыраған және душ кабинасындағы су тамшыларын сүртіп, ылғал орамал не су болған жөкені (мочалка) қалдырмаған жөн. Суға түскеннен кейін есік, терезесін ашып, міндетті түрде ауасын тазарту керек. Егер жаңа үйге көшіп не үйге жөндеу жұмысын жүргізгеннен кейін сыртқы қабырға кеуіп үлгермеген болса, қыста, суық мезгілде үй іші көгере бастайды.
Панель қабырғада жарық болуы да мүмкін не кірпіш қабырға дұрыс ажыратылмаған.  Жеке үйлерде не бірінші қабатта орналасқан пәтерлерде әдетте еден тұсында не қабырғаның жоғарғы жақ бұрышында көк пайда болады. Кейде плитка астынан, линолеумнен де кездеседі. Оның себебі – дұрыс гидрооқшауланбауы, яғни құрылыс судан қорғалмаған. Жертөледен өткен сыз пәтерге кіреді, жертөледе кәріз жүйесі (канализация) бар не су ағып кетеді. Пластик терезелер дұрыс таңдалмаған, сапасыз болған жайғдайда да қабырға көгереді, себебі жұқа терезеден үйге суық кіріп тұрады. Үй ылғалданған сайын зеңге де жайлы жағдай жасалады.
Тамақ істеп, отта су қайнатқанда үй іші жиі буланса, ас үйде буды сорып сыртқа шығаратын құрылғы (вытяжка) болмаса, жуылған киімдер бөлмеде жиі жайылатын болса, бұл да көгерудің себептері бола алады. Бөлме өсімдіктері, аквариум да ылғалдық мөлшерін көбейтеді.
Үйіңізді ылғалдандырып тұрған нақты не нәрсе екеніне көз жеткізіп, оның салдарын жоюға тырысыңыз. Үйде жаңа туған сәби болса да, қабырғаға көк түсуі мүмкін. Өйткені кішкене балаға суық тиіп қалмасын деп терезені жиі ашпайды, ауаны тазартпайды, күнделікті ылғалды тазарту жүргізілмейді, үйде су жөргектер кептіруге қойылады.
Осындай жағдайлар болса, үй ылғалданады. Ауа салқындағанға қарағанда зеңнің балаға зияны мол. Сондықтан үй ауасын тазартып, терезе ашудан қорықпаған дұрыс.
 Massaget.kz
08 ақпан 2020 ж. 754 0