Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АЯҚ КИІМ КҮТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ

АЯҚ КИІМ КҮТУДІҢ ЕРЕЖЕСІ

Қыс уақытында аяғыңыздан өткен суық денсаулығыңыздан айырып, орны толмас өкінішке әкеп соғуы мүмкін. Ызғар мен ылғал қатар жүретін мезгілде жылы киінумен қатар аяқ киімге де мән беріп, күтіп кигеніңіз абзал. Оны ұқыпты ұстау үшін мына кеңеске құлақ түріңіз.
Сырттан келген соң, алдымен, аяқ киіміңізді ылғалды матамен сүртіңіз.  Аяқ киіміңіз қандай материалдан жасалса да, оны жақсылап кептіріп алыңыз. Ескеретін жайт, аяқ киімді жылу батареяларының үстіне қоймаңыз!
Ішіне газет салып, жылы жерге қойыңыз. Кептіру процесінен кейін аяқ киімнің бетіндегі ақтаңдақтар пайда болуы мүмкін. Ақтаңдақтар көбіне тұздан пайда болады. Олар аяқ киімнің сапасын жоғалтып, ылғал тартуға бейімделгіш етеді. Сондықтан, 3 қасық суға 1 қасық сірке суын (9%) араластырып, ылғалды матамен ақтаңдақтарды сүртіп 5-10 минут күте тұрыңыз. 
Осыдан кейін, аяқ киімге ылғал өтуден қорғайтын арнайы майды жағыңыз немесе спрей қолданыңыз. Бұл іс көп уақытыңызды алмайды және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз!
Массагет.кз
06 ақпан 2018 ж. 1 541 0