Құрылтай

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Талап қоюшы «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қатысты

Талап қоюшы «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қатысты


Сот төрелігін жүзеге асыруды цифрландыру бойынша жүргізілген  жұмыстар аясында Жаңақорған кентінің аумағынан тыс жерде тұратын іске қатысушы тараптарға сот процестеріне өзінің тұрғылықты жеріндегі сотқа өтініш беру арқылы бейнебайланыспен қашықтықтан қатысу немесе «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қатысу мүмкіндігі түсіндірілуде.
Енгізілген жаңашылдықтарды тараптарға түсіндіру нәтижесінде  Жаңақорған аудандық сотымен талап қоюшы А.-ның жауапкер Ж-ны тұрғын үйден еріксіз түрде шығару туралы азаматтық бойынша сот отырысы  талап қоюшы өкілінің  өтініші негізінде оның тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласынан өзінің ұялы телефонынан «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы  қатысуымен өткізілді.
Сот отырысына бейнебайланыс арқылы немесе «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қашықтықтан қатысу іске қатысушы тұлғалардың  қаражатын, уақытын үнемдеп қана қоймай, өз кезегінде  істердің  заңда көзделген мерзімде  жылдам қаралып, шешімін табуына өз септігін тигізеді.

Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
05 ақпан 2020 ж. 955 0