№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында виртуалды түрде әкімшілік істер қаралды

Жаңақорған аудандық сотында виртуалды түрде әкімшілік істер қаралды


«Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, дамудың жеті бағытының бірі SMART Сот бағдарламасы.

Осы мақсатта аудандық сотта жұмыс жасап жатқан «Виртуалды сот» пилоттық жобасы - азаматтардың уақытын, олардың жеке қаражаттарын үнемдеп, істерді қарау мерзімін қысқартып, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар, сот жүйесін цифрландыру бойынша, электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервистерін пайдалану, TrueConf қосымшасын ұялы телефондарға жүктеу, оны қолдану арқылы сотқа келместен сот отырысына қатысу мүмкіншіліктеріне ие.
Жаңақорғанда виртуалды сот процесіне қатысуға болады. Аудандық сотта виртуалды сот пилоттық жобасы енгізілді. Бұл жоба онлайн режимде халықтың тұрғылықты жерінен сот процестеріне қатысуға мүмкіндік береді. Жоба аясында судьялар аса құпия және маңызды істерден басқа қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің барлығын қарайды. Сот жүйесіндегі жаңашылдық тек мұнымен шектелмейді. Сот жүйесінің тағы бір жаңалығы SMART Сот жобасы, сот арқылы сот процесіне қатысушы тараптың телефонында мобилдік қосымшасы болса сот отырысын қашықтықтан өткізуге мүмкіндік бар. Сот процесіне қатысушылар арасында қатаң құпия түрде өтеді. Өзге бақылаушыларға қосылуға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Барлық жаңа жобалар сот жүйесінің ашықтығы мен сапасын арттыруға бағытталған.
Осы жобамен Жаңақорған ауданына қарасты ауылдық округтердің әкімдік ғимараттарынан ашылған виртуалды сот кабинеттері арқылы тұрғындар сот процесіне онлайн режимде қатыса алады. Істерді виртуалды қарау мүмкіндігінің арқасында азаматтар әрлі-берлі сенделістен арылады. Жоба аясында 2019 жылдың 19-23 тамыз күні аралығында Жаңақорған аудандық сотының судьялары 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі «TrueConf» қосымшасы арқылы қарады. Енді іске қатысушылар бұрынғыдай аудан орталығына сабылмайды.
Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдармасы аясында іске асты.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
26 тамыз 2019 ж. 641 0