№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс виртуалды түрде қаралды

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс виртуалды түрде қаралды


Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынған  сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыттың  бірі болып табылатын  «SMART сот» жобасы бойынша іске асырылуда. Аталған жоба  еліміздің тұрғындарының  цифрлық сауаттылығын арттыру, уақыт пен қаражатты үнемдеу және сот жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалануды дамытуға бағытталған.   

Осы жоба аясында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.И.Рыскулов талап қоюшы «А.Ф.» ЖШС-нің жауапкер Р.-дан  несие қарызын өндіру туралы  азаматтық ісін  «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қарады.
Талап қоюшы өкілі А. өзінің өтінішхатында Қызылорда қаласында тұратынын, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Жаңақорған кентіне бару мүмкіндігі жоқ екенін негіздеп істі өзінің қатысуынсыз қарауды сұраған.
Өз кезегінде сотпен талап қоюшы өкіліне «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сотқа келместен, қашықтықтан сот отырысынақатысу құқығы мен мүмкіндігі түсіндірілген.
Нәтижесінде талап қоюшы өкілі сот отырысына «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қатысып, өз құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
11 желтоқсан 2019 ж. 563 0