№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Виртуалды соттың артықшылығы көп

Виртуалды соттың артықшылығы көп




Жаңақорған аудандық сотында «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы белсенді түрде іске асырылып, істер бейнеконференцбайланыс арқылы қаралуда.
Бұрын тараптардың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір тараптардың ұялы телефонына жүктелген «True Conf» ұялы қосымшасын қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысуға болады.
 «True Conf» ұялы қосымшасы істі қарау барысында қолжетімді, жедел, ыңғайлы болып табылады. Сот отырысына қатысып, сот алдында онлайн режимінде сөз сөйлеуге мүмкіншілік алады. Осылайша, сот отырысына қатысушы сотқа баруға жұмсалатын уақыт пен қаражатты үнемдейді, ал сот отырысы үзілмей, істер уақытылы қаралады.
Сондай-ақ бейнеконференцбайланысымен онлайн режимінде шалғайдағы, қала шетінде орналасқан елді мекен тұрғындарына да қол жетімді болуы қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда Жаңақорған ауданына қарасты  Шалхия, Жаңарық, Байкенже, Қыркеңсе, М.Нәлібаев, Өзгент, Қожакент, Аққорған, Бесарық, Талап, Манап, Жайылма, Сүттіқұдық, Қожамберді,  Төменарық, Екпінді ауылдық округінің әкімдіктерінде ашылған виртуалды сот кабинеттері ашылып бейнеконференцбайланыс орнатылған.
Алма Оразбаева
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы
сот отырысының хатшысы
14 маусым 2019 ж. 963 0