№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Азаматтық іс бейнебайланыс құрылының көмегімен қаралды

Азаматтық іс бейнебайланыс құрылының көмегімен қаралды


Сот төрелігін жүзеге асыруды цифрландыру бойынша жүргізілген  жұмыстар аясында Жаңақорған кентінің аумағынан тыс жерде тұратын іске қатысушы тараптарға сот процестеріне өзінің тұрғылықты жеріндегі сотқа өтініш беру арқылы бейнебайланыспен қашықтықтан қатысу немесе «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қатысу мүмкіндігі түсіндірілуде.

Енгізілген жаңашылдықтарды тараптарға түсіндіру нәтижесінде  Жаңақорған аудандық сотымен талап қоюшы «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-нің жауапкер Н-тен жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық залалды өндіру жайлы азаматтық ісі талап қоюшы өкілінің  тұрғылықты жері бойынша орналасқан Қазалы аудандық соты арқылы бейнебайланыс құралдарын қолданумен қаралды.
Ауа-райының қолайсыздығы, жердің шалғайлығына байланысты сот отырысына  бейнебайланыс арқылы немесе «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы қашықтықтан қатысу іске қатысушы тұлғалардың  қаражатын, уақытын үнемдеп қана қоймай, өз кезегінде  істердің  заңда көзделген мерзімде  жылдам қаралып, шешімін табуына өз септігін тигізеді.
Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қаңтар 2020 ж. 583 0