№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Виртуалды соттың» артықшылығы көп, Жаңақорғанда SMART-СОТ жүйесі жемісін бере бастады

«Виртуалды соттың» артықшылығы көп, Жаңақорғанда SMART-СОТ жүйесі жемісін бере бастады

«Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, дамудың жеті бағытының бірі SMART Сот бағдарламасы.

Осы мақсатта аудандық сотта жұмыс жасап жатқан «Виртуалды сот», «Түнгі сот» пилоттық жобалары - азаматтардың уақытын, олардың жеке қаражаттарын үнемдеп, істерді қарау мерзімін қысқартып, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар, сот жүйесін цифрландыру бойынша, электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті» сервистерін пайдалану, TrueConf қосымшасын ұялы телефондарға жүктеу, оны қолдану арқылы сотқа келместен сот отырысына қатысу мүмкіншіліктеріне ие.
Жаңақорғанда виртуалды сот процесіне қатысуға болады. Аудандық сотта виртуалды сот пилоттық жобасы енгізілді. Бұл жоба онлайн режимде халықтың тұрғылықты жерінен сот процестеріне қатысуға мүмкіндік береді. Жоба аясында судьялар аса құпия және  маңызды істерден басқа қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің барлығын қарайды. Сот жүйесіндегі жаңашылдық тек мұнымен шектелмейді. Сот жүйесінің тағы бір жаңалығы  SMART Сот жобасы, сот арқылы сот процесіне қатысушы тараптың телефонында мобилдік қосымшасы болса сот отырысын қашықтықтан өткізуге мүмкіндік бар. Сот процесіне қатысушылар арасында қатаң құпия түрде өтеді. Өзге бақылаушыларға қосылуға ешқандай мүмкіндік  берілмейді. Барлық жаңа жобалар сот жүйесінің ашықтығы мен сапасын арттыруға бағытталған.
Осы жобамен Жаңақорған ауданына қарасты ауылдық округтердің әкімдік ғимараттарынан ашылған виртуалды сот кабинеттері арқылы тұрғындар сот процесіне онлайн режимде қатыса алады. Істерді виртуалды қарау мүмкіндігінің арқысында азаматтар әрлі-берлі сенделістен арылады. Енді олар бұрынғыдай аудан орталығына сабылмайды. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдармасы аясында іске асты.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.


11 сәуір 2019 ж. 1 345 0