№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тоқалды қандай жағдайда алу керек!?

Тоқалды қандай жағдайда алу керек!?

Соңғы жылдары тоқал мәселесі тренд болып тұр. Бірі жақтаса, ал, бірі даттайды. Жә, айтайын дегенім кімдікі дұрыс деген мағынада емес. «Қазақ не үшін тоқал алды?» деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Бүгінде ести-ести құлақ жауыр болған «ата-бабамыз 4 әйел алған» сөз бар. Ол рас, негізі. Бірақ, нәпсінің жетегінде ергеннен немесе жетіскеннен емес. Қажеттіліктен алды. Сонымен көз алдымызға ХVIII ғасырдың 4 әйел 16-17жасар жігітін, тұрмыс-тіршілігін елестетіп көрейік.Осы жаста үйленіп үлгермесе, ертеңгі күні соғыс қатарына алынады. Шаһид болып кетуі де мүмкін. Себебі, бұл заманда қазақтың айналасын жоңғар, орыс, қоқан қаптаған кез еді.
Ұрпағы қалсын деген ниетпен үлкендер жағы әлгі  жігітті үйлендіреді. Бұл кезде қандай махаббат болсын? Сен бесікте жатқанда-ақ әкең біреумен құдаласып қояды.Бітті, сол қызбен некеңді қиясың. Жақсы көрмесең де жақсы көріп кетесің. Себебі «руы бөтен» ел ол уақытта мың шақырым алыста орналасқан. Ал, айналадағы ауылдың барлығы өз туысқандарың. Әлгіндегі 16-17 жаста құдандалып үйленген жігіт жасы 25-30-ға келгенше бірнеше шайқасқа қатысып үлгереді. Алла тағала  бар соғыстан аман алып қалып отырады. Бірақ, өзімен бірге соғысқа аттанған  аға-інілері қайтып оралмайды. Ал олардың арттарында бала-шағасы, жас келіншегі қалады. Қазақта әмеңгерлік деген  дәстүр осы кезде жақсы дамыған. Жетімді жылатпай, жесірді қаңғыртпай  жаңағы жігітіміз 25-30 жасында екінші әйелдікке алады. Яғни, ағадан немесе ініден қалған жеңгені немесе келінді. Кейіпкеріміздің жасы қырыққа келген уақытта дәулеті тасып үшінші әйел алады. Бұл жолғысы қажеттілік, мұқтаждықтан  емес. Ұнатып жүрген қызын алады. Енді 40-тағы жігіт-ағасының  өз ақылы  өзінде. Батыр немесе би деген атағы бар. Хас сұлуға көзі түсіп,  құдаласады. Сонымен 3-ші әйелді алды ма? Алды!  Енді тағы да уақытты сәл тездетсек. Жігітіміздің ақсақал болуға жақындаған кезі. Жасы елуден асып, алпысқа қараған уағы. Бірақ мықты. Алдындағы  жұбайлар жарамаса, жаңасын һәм жастауын алу керек деп жүрегі өзіне бағынбай тұр. Сөйтіп,  төртінші рет 20-30 жас аралығындағы қызды некелейді. Міне, атам қазақтың не үшін 4 әйел алғанының себебі осы. Ескертетіні ол заманда көп әйелді иманы мен шамасы жеткендер ғана алған. Яғни, тоқал алу дәулетті кісілердің шаруасы болған. 

P.S. Тоқал мәселесі өршіп тұрған мына заманда тоқал алған жігіттердің саны күллі ер азаматтың 1 пайызына әзер жетеді екен. Ал, Абайдың тұсында көп әйел алған жігіттердің саны 13-15 пайыздың төңірегінде болса керек. Әлеуметтанушылардың дерегіне сенсек, біз көп сөйлейміз, әрекет жоқ. Олай болса берекетті де әрекетке қарай бермей ме?  

24 қаңтар 2020 ж. 1 211 0