№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйленерде жарды қалай таңдау керек?

Үйленерде жарды қалай таңдау керек?

Күндердің күнінде ауылдың бір бойдақ жігіті үйленейін десе, қыз таппай дал болады. Ол кездестірген қыздардың барлығы көңілінен шықпайды. Біреуі көрікті емес, екіншісі ақылды емес, үшіншісі пысық емес. Осылай қалыңдық таппай шаршаған жігіт ауылдың дана ғалымына барып, кеңес алуға бел буады.
Содан жігіт ғалымның үйіне де келеді. Жігіттің әңгімесін мұқият тыңдаған ғалым: — Байқаймын, сенің жағдайың оңай емес екен. Бірақ шыныңды айтшы маған. Сенің анаңмен ара-қатынасың қалай? — деп сұрақ қояды. Мұндайды күтпеген жігіт: — Оның бұған қатысы не? Енді… расын айтқанда кейде анам болмашы сұрақтармен басымды ауыртып жібереді, арасында шағымдары мен өтініштері де көп болады. Дегенмен, мен анамды жақсы көремін, — дейді. Ғалым басын шайқап: — Ендеше, мен сен үшін бақыттың кілтін тауып берейін. Бақыт деген әр адамның жүрегінде болады. Сол бақытты ертеден бір кісі жүрекке салып қояды. Ол – сенің анаң. Сен анаңмен қандай қарым-қатынаста болсаң, басқа қыздармен, әйелдермен қатынасың дәл сондай болады. Себебі, ана – сен үшін ең алғаш махаббатымен бөліскен жан. Осы сәт – сенің өмірдегі махаббат сезіміне бөленген алғашқы қадамың болмақ. Сондықтан неғұрлым анаңды шынымен жақсы көріп, құрметтей бастасаң, солғұрлым басқа да қыздарға деген көзқарасың өзгереді. Сонда ғана алдағы уақытта көңіліңнен шыққан шынайы жарды таба аласың, — дейді. Жігіт ғалымға дән риза болып, алғысын айтып үйден шыға бергенде ғалым оған: — Есіңде болсын, өмірлік жар ретінде әкесін жақсы көретін әрі құрметтейтін қызды таңда! — деп соңғы кеңесін берген екен.   
Жалғас АСХАТҰЛЫ,



03 қараша 2019 ж. 1 090 0