МАҚСАТЫ БИІК ГҮЛНАРА
Кәсіпкер Гүлнара Ашимова табысты болудың сырымен бөлісті. Өзіңізді қай кәсіпте елестете аласыз, ол жандүниеңізге қаншалықты жақын? Осы сұрақтардың шешімін тауып, батыл қарекет етіп келе жатқан қаракөз бала кезіңен жеке бизнесін жүргізуді мұрат етеді. Бүгінде мақсатына жетіп, сапалы қызмет етуді жолға қойды.

Рас, бізге жетіспей жататыны сапалы сервистік қызмет. Гүлнара қабілетті қыз-келіншектерді жұмысқа қабылдағанда бірінші қоятын талабы клиентке сапалы қызмет көрсету. Әрі қарамағындағы мамандарды өз қаржысымен курстарға жіберіп, біліктілігін арттыруға мән береді.
– Маған кәсіпкерлікпен айналысуда қолдау көрсеткен отбасыма, әкеме алғысым шексіз, – дейді ол.
Кәсіпкер бүгінде 10-нан аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар қыз-келіншектердің талғамына сай бірнеше қызмет түрін көрсетеді. Мұндағы заманауи құрылғылар да арнайы тапсырыспен алыныпты.
«Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» дегенді ұстаным еткен кейіпкеріміз қайырымдылықтан да шет қалмайтды. Бірақ тіс жарып айтқанды қаламайды екен. Біз қолқалағаннан кейін:
– Мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету бала кезімізден, отбасындағы тәрбиеден бойымызға сіңген қасиет. Мектеп қабырғасында жүргенде, анамнан ақша сұрап көмектесетінмін. Өсе келе өзім де жеке кәсіп бастап, өз нәсібімді тауып жүрмін. Қазіргі таңда жағдайы төмен отбасылардың тізімін алып азық-түлік, қыстық киімдер және баспана тұрғызуға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, шама-шарқымша дем беремін. Садақа түрлі жамандықтан сақтайды емес пе, сондықтанда үнемі игі істердің басы-қасынан табылуға тырысамын. Алайда кімге, қалай көмек бергенімді айтпай-ақ қойсам, – деді Гүлнара.
Ол бұдан бөлек балаларға арналған қолжетімді киім дүкені мен заманауи үлгідегі қызмет көрсететін орталық ашуды жоспарлап жүргенін тілге тиек етті.
Мұраты айқын, мақсаты биік іскер жанның бастаған бастармаларына сәттілік тілейміз.
Майра ӘБДУӘЛІ