№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білікті маман – Ел мерейі

Білікті маман – Ел мерейі

   Қазір ерлермен етене, үзеңгілес бір қызметте нардың жүгін көтеріп жүрген нәзік жандылар аз емес. Әсіресе, мемлекеттік қызметте, спорт саласында, ауыл шаруашылығында, тіпті, өндіріс орындарында абыройлы еңбек ететін қыз-келіншектер жетерлік. Солардың қатарына Гүлнара Рүстемованы жатқызуға болады. Ол 20 жылдан астам түрлі салада тер төгіп келе жатқан білікті маман. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «СКЗ-U» ЖШС-де жұмыс жасайтын нәзік жандының жұмысымен танысып қайттық.

   Әуелі әңгіме басын Гүлнара Біләлқызының қызмет жолынан бастасақ, 1996-2004 жылы аудан­дық полиция бөлімінде есепші, одан кейін 2014 жылға дейін аудандық құрылыс және сәулет бөлімінде бас маман және бас есепші қызметін атқарады. Осы жылдар ішінде еңбекқор, білікті маманның еңбегі еленіп, бірнеше рет марапат биігінен көрінді. Қазір күкірт қышқылы зауытында қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы міндетін ат­қарып келеді.
   – Қандай қызмет болмасын адам өзінің сүйікті ісімен айна­лысқаны абзал. Сонда ғана еңбегі өнімді әрі нәтижелі болады. Менің бала кезгі арманым есеп-қисап, заңмен байланысты бол­ғандықтан, экономист және заң­гер мамандығы бойынша білім алып, осы салада қызмет етіп келе­мін, – деді Гүлнара ханым.
  Жаңақорған ауданындағы Кей­­ден ауылының маңында орналасқан өндіріс орны «Қа­затомпром» АҚ-ға қарасты уран өндіретін кәсіпорындарды күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған зауыттың жылдық қуаты 500 мың тонна. Қалдықсыз өнім шығаруды мақсат еткен зауытта шикізаттың өнімге айналу мөлшері 99,9 процент. Экономикаға ауқымды үлес қосқан зауытта қазір 270 адам жұмыс істесе, оның 170-і жергілікті тұрғындар. Одан бөлек, мекеме ауылдағы жастарды оқы­тып, келешекте зауытқа қажетті маман жасақтауды жоспарлап, жүзеге асырып келеді. Міне, сол жұмысшылармен тығыз бай­ланыста қызмет атқаратын Гүль­нара апайдың қызметі қашанда қауырт. Қажетті маман иелерін іріктеуден өткізіп, білікті кадрлар дайындауда, сұранысқа сай жұмысшылар қабылдау осы істің барлығына өзі жауапты. Әсіресе, жоғарыда айтылғандай жастарға көбірек мән беруге тырысады.
   Айта кететіні, «СКЗ-U» ЖШС мекемесі қайырымдылық жасау­дан да кенде емес. Ауылдағы ағайын­ға қол ұшын созатын мекеме жуырда «Жебеуші» қайы­рымдылық қорына 2 млн. астам қаржы аударыпты. Сондай-ақ, әрбір қызметкердің отбасылық қиындықтарына да көмек қолын созуға дайын. Төл басылыммен де тығыз байланыста. Тіпті, кенттің сырт келбетін зиянды қалдықтардан қорғауға да көңіл бөлуге тырысады. Оны да көзіміз көрді.
   – Қайырымдылық шарасын өткізу мекеменің міндетіне кірмеуі мүмкін, дегенмен бұл қызметкерлердің азаматтық боры­шы деп қарауымыз керек. Қазақтың дархандылығы осын­да емес пе? Ал, Гүлнара Біләл­қызының мекемедегі орны ерек. Заты нәзік болғанымен, ер мінезді жан, – деді «СКЗ -U» ЖШС бас директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сәулебек Дүйсебеков.
Мінез демекші, Гүлнар апай­дың бір ауыз сөзге тоқтап, әріптестерін де тыңдата білетін қасиетін аңғардық. Бүгінгі қоғамда мінезімен ұсақталып бара жатқан жігіттерге үлгі боларлықтай екен.
   Әйел – ана, ол үйдің шырақ­шысы, ұрпақ жалғас­тырушы. Кейіпкеріміз де бір әулеттің келіні, асыл жар. Екі ұл-қыз тәрбиелеп, тәлім берген ана. Жары Ербол Дүйсенханұлы да қызметте.
   Түйіндей айтқанда, Гүльнара Рүстемова секілді ауданда өз саласына шынайы берілген нәзік жандылар аз емес. Аудан әлеуетін арттыруға, экономикасын өріс­тетуге қосып жатқаны үлесі айтарлықтай. Соны бағалай білуіміз қажет.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
07 наурыз 2019 ж. 1 324 0