Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 82

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ»

«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ»

Жылдың ең үздік мұғалімі аталымына Жайылмадағы №195 мектеп-гимназияның химия-биология пәнінің жоғары санатты ұстазы Бану Тұрсынбекқызы лайықты деп танылды. Таңдаудың химия-биология мұғаліміне түскен себебі де бекер емес. Жайылмалық ұстаз биыл облыстық тамыз конференциясында аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың қолынан «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгіні кеудесіне тақты.
Әрине мұндай жоғары құрметтің артында отыз жылдық еңбек өтілі жатыр. Сонымен қатар ол облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында Сыр өңірінің жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындап жүрген білікті кадр. Үнемі ізденіс үстінде жүретін жайылмалық ұстаз өзінің ұзақ жылғы  еңбек жолында шәкірттерінің сапалы білім алып, зиятркерлік қырының ашылуы мол мүмкіндік туғызды. Бүгінде жүзден жүйрік шығып, Қазақстанды мойындатқан шәкірттерімен мақтанады. Оның ішінде, айрықша атап өтетін шәкірті, сегізінші сынып оқушысы Шұғыла Ғалиқызы. Ол – жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын оқушылар мен ұстаздар арасындағы бейнесабақ көріністері бойынша республикалық сайыста І-орын алған. Елорда төрінде өткен білім додасына 300 оқушы қатысқан. Осылайша жүзден жүйрік шыққан Шұғыланы дайындаған ұстазы Бану Тұрсынбекқызы да білім бәйгесін ұйымдастырушылардың арнайы марапатымен марапатталады. Иә, ұстаз еңбегі қандайда болмасын марапатқа лайық.
01 қаңтар 2020 ж. 823 0