№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаевасотталушы Т.-ға қатысты ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, ҚК-нің 367-бабының 2-бөлігі, ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.
Іс құжаттарына сәйкес сотталушы Т. аудандық полиция бөлімінің тергеушісі  қызметін атқарып жүріп, өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған Д-ға оған қатысты қылмыстық істі процестік келісім жасау арқылы сотқа жолдау үшін прокурормен сөйлесіп қойғаны жөнінде айтып, алдап, оны лауазымды тұлғаға айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғырып, 200000 теңгесін алып, жымқырған. 
Басты сот талқылауында сотталушы Т. өзіне тағылған айыппен келісіп, жасаған әрекетін мойындаған және  оның іс-әрекеті жәбірленушінің, басты сот талқылауында жарияланған куәлердің жауаптарымен, қылмыстық істің өзге де материалдарымен бекітілген.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы Т.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен,  ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкілікті мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 5000000  теңге айыппұл салынған.
Сот үкімімен сотталушы Т. «полиция капитаны» арнаулы атағынан айырылды.
Сот сотталушы Т.-ның тарапынан қызмет бабын пайдалана отырып,  сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық оқиғаның орын алуына жол берілгендігіне және болашақта полиция қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалуын болдырмау, мемлекет билігінің беделін түсіруге әкеп соқтыратын және мемлекеттік қызметшінің  абыройына нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу мақсатында, оған Қызылорда облыстық полиция Департаментінің басшысының назарын аудару қажет деген қорытындыға келіп, қылмыстық іс бойынша жекеше қаулы қабылдады.   Сот үкімі қазіргі таңда заңды күшіне енді.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2019 ж. 663 0