№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаев сотталушы К. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қаралған қылмыстық іс бойынша сұхбат берді.
Іс құжаттарына сәйкес сотталушы К,. 2018 жылдың көктем мезгілінде Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, М.Маметова көшесінде тұратын көршісі әрі туысы болып келетін, И., тұрғын үй ішіндегі жатын бөлмедегі күртешесінің қалтасында болған «Халық банк» АҚ-на тиесілі банкомат карточкасын және құпия сандар жазылған парақшаны жасырын жымқырып, Жаңақорған кентіне келіп, кенті орталығындағы «Халық банк» АҚ тиесілі банкоматтан ақшаны шешіп алған.
Нәтижесінде, К., өзінің ұрлық қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленуші И-ға жалпы 571 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Осылайша сотталушы К-тің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген бөтеннің мүлкін  жасырын жымқырып, ұрлық  қылмысын жасаған.
Сотта қарау барысында сотталушы К., өзіне тағылған айыбын толық мойындап, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын, оған залалды толық өтегенін, ол өзін кешіргенін көрсетіп, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы К.-ны Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
23 мамыр 2019 ж. 634 0