Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Балақ пен сақалданда маңызды дүниелер бар. Ол...

Балақ пен сақалданда маңызды дүниелер бар. Ол...


Діннің атын жамылып, әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экстремизм қаупі Қазақстанды да айналып өтпейтіні айқын. Осы тұста дін саласындағы оңтайлы мемлекеттік саясатты қалыптастыру – күн тәртібіндегі аса маңызды мәселе. Бұл бағытта 2017 жылы Елбасы жарлығымен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының маңызы зор. Осыған байланысты жақында кент әкімдігінде алқалы басқосу өтті. Басқосуға облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының аудан бойынша теолог маманы Шоқан Айдаров, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Ғани Мұхамеджанов қатысты.


Басқосу барысында теологтың сөзі­нен белгілі болғандай, Заң жобасында қоғамда қызу талқыда жүрген сақалдан да, балақтан да маңызды дүниелер бар екен. Яғни, алғаш рет құжат жобасында діни радикализм, деструктивтік идеологиялық ағым, деструктивтік діни ағым және одан өзге бірнеше терминдерге анықтама беріліп отыр.
– Тұжырымдамада деструктивтік діни ағымдарды насихаттауға, идео­логиясының таралуына тыйым салу қарастырылуда. Діни бірлестіктердің өздерінің құқықтарын қорғау, олардың өздерінің қызметі үшін түсінікті және ыңғайлы жағдайлар жасауға, нақтылауға, қорғауға бағытталған нормалар бар. Әрі мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтып, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету қарастырылған. Жал­пы Тұжырымдама ішкі және сыртқы қатерлер аясында Қазақстанда тұрақ­тылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Шоқан Айдаров.
Сондай-ақ теолог Тұжырымдама экс­тре­мистік сипаттағы діни ағымдардың бүлікшіл әрекеттеріне тосқауыл қоюды мақсат ететінін тілге тиек етті. Өйткені, діни алауыздық – мемлекеттің зайырлы қағидаттарына нұқсан келтіріп, дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіреді.
Өз кезегінде аудан әкімі аппа­ратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Ғани Мұхамеджанов терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттерінің жолын айтты.
– Террористік тұрғыдан осал объек­тілер дегеніміз – аса маңызды мем­лекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын жерлер. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» №416-I Заңының 10-3-бабында көрсетілгендей, меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмнен қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында – объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету; үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу – объек­тінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті, – деді Ғани Мұхамеджанов.
Басқосу барысында кент әкімдігі қызметкерлері тарапынан: «Адамдар неліктен өз өмірлеріне өздері балта шауып, діни экстремизмнің құрбаны болады?» деген сауал қойды теологқа. Дінтанушы маманның айтуынша, мұндай жолға қоғамда өз орнын таппай, жұмыссыз жүріп, психологиялық дертке ұшыраған, отбасында өзіндік орны жоқ, дұрыс діни ақпарат алмаған жандар, және порталдағы пасық пиғылды ұстанымдағылардың шырмауына ілінгендер ұрынады.
Иә, түйіндей айтқанда, дін – мем­лекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Елдегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы. Ал ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жат ағымдардан бойды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ ұтылмасымыз айқын.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
27 қараша 2019 ж. 405 0