№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сунақ ата тұрғындарын қандай мәселе қынжылтады?

Сунақ ата тұрғындарын қандай мәселе қынжылтады?

Ірі сауда, рухани-мәдени, білім-ғылым ордасы болған Сығанақ шаһарының топырағына қазық қаққан Сунақата ауылдық округін «Менің ауылым!» айдарына негіз етіп, бүгінгі тыныс-тіршілігін зерделедік. Күре жол бойында орналасқан елді мекен несімен ерекшеленеді? Халықты не толғандырады? Қандай игілікті істерімен мақтанады? Осы сұрақтарға рет-ретімен тоқталсақ.

Қазір сунақаталықтар шағын және орта бизнеске бет бұрған. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ауылда қажетті қызмет түрін оңай табасыз. Өйткені жергілікті жұрт еңбеққор. Жол бойында қауын-қарбыз, күріш сатушылар көзге бірден түседі. Күнкөріс үшін басталған шағын істері қазір ұрпаққа мұра етіп қалдырар атакәсіпке айналған. 35 шаруа қожалық, 18 кәсіпкер тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Бірнеше дүкенмен қатар сауда үйін көрдік.
Ауыл әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаев пен қоғамдастықтың төрағасы Есенгелді Ержігітов жол бастап, ауылдың көрікті жерлеріне апарды. Алдымен «Жастар саябағына» тоқтады. Белсенді ауыл жастары қоғамдық орынды абаттандыру жұмыстарын жүргізуге үлес қосыпты. Жастардың іс-шаралары осы алаңда өткізіледі екен.
Одан кейін дәрігерлік амбулаториясын көрдік. 2016 жылы пайдалануға берілген медициналық нысан күніне 20-25 тұрғынды қабылдайды. Дәрігер Кенжегул Байсунованың сөзінше, дәрігерлік есепте 380 адам тұр. Оның көпшілігі жүрек-қан тамырлары ауруы бойынша тіркелген. Мұнда ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алатын скрининг жүйелі жүргізіледі. Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылайтын акушерка қызметі бар. Күндізгі емдеу бөлімшесінде халыққа көрсетілетін медициналық және дәрілік көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт кешені бой көтеруде. Құрылыс нысанына арнайы бардық. «Нұр-Перзент» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс обьектісінің 80 проценті аяқталған. Мердігер компанияның өкілі Тәуелсіздік күніне қарсы ашуға күш салып жатқанын айтты. Онда футбол, баскетбол, волейбол, гандболға арналған ойын алаңы және жекпе-жек түрлеріне арналған зал қарастырылған.
– Сунақаталықтар спорт кешені салынып жатқанына дән риза. Әсіресе жастар ашылатын күнін асыға күтіп жүр. Ауылда спорттың дамуына әсер ететіні анық, – деді ардагер ұстаз Есенгелді Ержігітов.
Сөзге араласқан Ақылмұрат Исмайылұлы: «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тиімді тұсы көп. Механизмді тиімді пайдалана отырып мемлекет өзіне жүктелген, халық алдындағы міндеттерін, әлеуметтік фунцияларын жүзеге асыра алады. Екіншіден, әріптестік арқылы мемлекет инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуды жылдамдатады және жергілікті бюджетке түсетін ауыртпалықты жеңілдетеді. Үшіншіден, жұмыссыздық мәселесін шешуде бағдарлама тиімді құрал. Алдағы уақытта бағдарлама аясында бірнеше нысан салуды жоспарлап жүрміз», – деді.
Сунақатаға сенбі, жексенбі күндері көрші ауылдың тұрғындары жиі келеді. Қыдырып емес, моншаға түсу үшін. «Айсұлтан» дара кәсіпкерлерлігі салған моншаның сыйымдылы – 25 адамдық. Одан бөлек моншада екі-үш адамға арналған отбасылық кабина бар. Бағасы да қол жетімді. Үлкендерге 350 теңге, балаларға 200 теңге. Алдағы уақытта кәсіпкер Шыңғыс Қалымбетов монша жанынан бильярд залын ашып, шаштараз қызметін іске қоспақшы.
Ауылмен аттас канал бар. 1939 жылдан бастап Сырдария өзенінің екі қапталын егіс егуге бейімдеу үшін каналдар қазу жоспарға енгізіледі. Жергілікті билік әуелі халқы тығыз Төменарық және Сунақата алқаптарына канал қазуды қолға алды. Ол кезде ауыр техника аз. Негізгі қазу құралы кетпен, қол күші еді. Ұзындығы 23 шақырымнан асатын Сунақата каналын қазуға 24 колхоздан 1500 адам қатысады. Соғыс жылдары қазылған суландыру жүйесіне әйелдер тартылады. Су жолы 1945 жылы 15 қаңтарда аяқталады. Осы каналды осы күні сунақаталық шаруашылықтар кәдеге жаратып отыр. 2019 жылы 2026 га дәнді және бақша дақылдары мен көкөністің тұқымы тастап, содан өнім алды. Оның 421 га күріш алқабы. Сондай-ақ, диқандар мақсары, жүгері, қауын, қарбыз, қызанаққа басымдық берді.
Қазір екі диірменнің жұмысы қыза түскен. Ақтан Перенов басшылық ететін диірменде күніне 10 тонна күріш ақтауға қауқарлы екен. Биылғы маусымда сунақаталық шаруа қожалықтардың 90 тоннаға жуық күрішін ақтапты. 3 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың жоспары көп.
Екінші диірмен Еңбек елді мекеніндегі «Айбын» шаруа қожалығына тиісілі. Батырбек Кенжеев төрағалық ететін шаруашылық 400 гектарға жуық алқапқа күріштің дәнін тастап, мол өнім алды. Қазір қойма дәнді дақылға толдырып, диірменнің жұмысы басталды.
– Шынын айтй керек, шаруашылық игілігінде 44 гектар жер бар. Қалған алқапты ауылдағы ағайыннан жалға аламыз. Игерілмей жатқан қаншама жер бар. Соны айналымға енгізіп, мол өнім алу керек ғой! Алайда ауылдастарым бұған асығар емес, – деп ойын жеткізді Батырбек Балабиұлы.
Еңбек елді мекенінің тұрғындарына медициналық қызметті шағын бекеттің дәрігерлері көрсетіп отыр. Біз барғанда дәрігер Әбілжан Досмағамбетов пен фелдьшер Ақылжан Сәрсенбаев шақырту бойынша үйлерге кетіпті. Медбике Гүлжаһан Ақмолдаева ауыл тұрғыны Фатіләхан Мырзалиева есімді апаға қызмет көрсетіп жатыр екен.
Ем алушы апаға мән-жайды түсіндіріп едік: «Шағын ауылға медициналық бекет салып берген басшыларға рақмет. Бізге жайлы. Балтырымыз сыздаса да, басымыз ауырса да осында келеміз. Қысқасы, қажетті ем-домды осында аламыз, – деді.
Екі елді мекеннен тұратын Сунақатада екі типтік жобадағы мектеп пен бес балабақша бар. Олардың да тыныс-тіршілігімен танысуды ұмыт қалдырмадық.
Таңертен бастаған сапар екінті ауа аяқталды. Елге сыйлы ақсақал Қали Әділбеков совхозды құруға атсалысқанның бірі. Оның үйіне арнайы бардым. Ауылдың қоғамдық өміріне белсенді араласатын қария тыныш заманға шүкіршілік айтып отыр. Алайда ұсыныстары да жоқ емес. Электр жүйесі ескіргені, соның салдарынан жарықтың дұрыс болмайтынын, әкімгершілікке жайлы ғимарат қажет екенін және мемлекеттік балабақша соғылса игі болатынын жеткізді. Тағы бір қынжылатыны, жастардың көбі Шиелі кентінде, Қызылорда қаласында жұмыс жасайды. Солар ауылда тұрақтайтындай жағдай жасалса игі дегенді жеткізді ақсақал.
Бұған жергілікті биліктің айтар жауабы да дайын. Жастар кәсіпкерлікті игеруге талпынуы тиіс. Яғни, қайтарымсыз гранттар мен проценті төмен кредиттер алып, кәсіпті дөңгелетуге болады...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
16 қазан 2019 ж. 928 0