№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КИЕЛІ МЕКЕННІҢ ТЫНЫСЫ

КИЕЛІ МЕКЕННІҢ ТЫНЫСЫ


Қазақ елінің тұңғыш астанасы Сығанақ шаһарының киелі топырағында ірге бекіткен Сунақ ата ауылының тыныс-тіршілігі тұрақталып келеді. Елбасы Жолдауынан туындаған басым бағыттар мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттемелерді орындауда жүйелілік бар. Алайда, ауылда мәселелер де жоқ емес.

Есептік кездесу барысында ауыл ақсақалы Тұрды қажы Балғабаев ең бірінші тазалық мәселесін қозғады.
–  Жалпы, ауылдың жағдайы жаман емес. Күнкөрістің қамы деп жүрміз, осы күнімізге тәубе. Дейтұрғанмен, ауылда шешілмей жүрген жайттар бар. Тазалықты реттеуді қашан қолға аламыз? Шынын айту керек ауылдың жайылымдық жері күл-қоқысқа айналды, – деген қарияның сөзіне аудан әкімі жауап қатты. Бұл мәселенің түйінін анықтап, ертерек шешімін табу керектігін айтып, ауыл әкіміне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Енді ауыл әкімі Ақылмұрат Жұмадуллаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебіне тоқтала кетсек. Жер көлемі 45907 гектарды құрайтын ауылда егін шаруашылығы да қарқынды қолға алынған. Сондай-ақ, жұмыссыз болып тіркелген 25 адамның 22-сі жұмыс орнына жолданып, 13 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылыпты.
–  2017 жылы бюджеттен «Өңірлерді дамыту» бойынша шараларды іске асыру бағдарламасы аясында Сығанақ көшесіне жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуда үш жас маман несиеге қол жеткізді, – деді ауыл әкімі. Тізбектей берсек атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәдени шаралар өткізуден де ауылдың өнер ұжымы белсенді. Ауыл халқы тағы не дейді? Олардың тілегі кәсіпкерлікті дамыту. Оған аудан басшысының бастамалары жауап бола алады.
Былтырғы жылдың есеп беруінде ауыл халқы мектеп, балабақша, жол мәселелерін көтерген болатын. Жоспарлы меже орындалып, әлеуметтік мәселелер шешімін тапты. Осыдан ел әлеуетінің артып келетінін көруге болады. Ал, биылғы есеп беурде электр жарығы, ауыз су мәселесі өзекті екенін көрідік. Кезек күттірмейтін бұл түйіндер ертерек шешімін тауып қалар деген тұрғындар тілегін ескерусіз қалмаса дейміз.
24 қаңтар 2018 ж. 1 515 0