№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ қызы қандай болып барасың?

Қазақ қызы қандай болып барасың?

Қазіргі кезде қоғамдық орындарда қыз балаларымыздың дөрекі қылықтары, темекі шегіп, балағат сөздерді айтып, үлкен кісі отырса да қымсынбай қандай тақырыптағы әңгіме болсын ашық айтып отыратынын да талай рет көрген шығарсыздар. Тіптен, жігіттерімен құшақтасып, адамды ұялтар қылық жасап оты-ратыны да бар.
Осыған шыдамаған үлкендер қауымы үнсіз тұрып кетіп жатады. Кейбірі қыз бала ғой деп ақыл айтып, қылығының орынсыз екенін түсіндіріп жатса да, «ой, қойшы соны, қай заманда қалып қалған, қазір ХХІ ғасыр» деп жататынына да куә болып жүрміз. Сонда ХХІ ғасыр талабы осындай ма? Үлкенді сыйламай, тіпті қоғамды сыйламай өмір сүр деп үйретеді ме? Жоқ, әрине. Бұл жай ғана өз ісіне айтар сылтаулары шығар.
Иә, көшеде келе жатып әртүрлі жағдайларды көріп жүрміз. Қыз балалардың қылығы өзгеріп, дөрекіленіп бара жатыр. Кімнің қыз, кімнің ұл екенін де кей кездері ажырата алмай жатамыз. Шаштары қысқа, үстіндегі киімдері ұл балалардікі сияқты, сөздері балағатқа толы, ауыздарында сағыз. Ала көзденіп, айналасындағы адамдарға менсінбеушілік танытып, бәрі соған қызмет ететіндей сыңай танытып тұрады. Сонда қыз балаларға арналған киім жоқ болғаны ма? Мүмкін, бұл ерекшеленудің бір түрі шығар? Біздің қазақи болмысымызға жат мұндай қылықтар қайдан келді? Неге осындай үлкен сұранысқа ие болуда? Мұның астарында не жатыр деген сынды сұрақтар көкейімнен кетер емес.
Мади ҚОСЫЛҒАНОВ
14 қазан 2019 ж. 3 388 0